Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2022 жылғы 23 ақпан. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Медеу, Жетісу аудандары.

2022 жылғы 23 ақпан. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Медеу, Жетісу аудандары.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясы Фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова «Nur Otan» партиясы Медеу аудандық филиалында азаматтарды қабылдады.

 Қабылдау барысында түрлі проблемалық сұрақтар мен ұсыныстар көтерілді. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қатысты сұрақтар, мейірбике ісі мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, қамқоршылықты рәсімдеу, сондай-ақ саяжай тұрғындарының оқушылары үшін мектеп автобустарымен қамтамасыз ету мәселелері айтылды.

Сонымен қатар, жастарды, соның ішінде жұмыссыз жастарды қолдауға қатысты ұсыныстар түсті. Негізгі идея жастарды әртүрлі жобаларға тарту арқылы оларды әлеуметтендіру, қоғамға тарту, белсенділігін арттыру.

Өз кезегінде, депутат Жұлдыз Сүлейменова заңнамаға сәйкес қажетті түсініктемелер беріп өтті және де белгілі бір мәселелер бойынша оң шешімін шығару үшін барынша қолдау көрсетілетін жеткізді.

Сондай-ақ сол күні Жетісу ауданына қарасты Құлагер ықшам ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Алматы қаласы Медеу ауданында мектеп директорларымен кездесті.