Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2022 жылғы 26 ақпан. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Әуезов ауданы.

2022 жылғы 26 ақпан. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы,  Әуезов ауданы.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменова Жұлдыз және Алматы қаласының мәслихат депутаттары Бөлекбаева Райхан және Ақанова Асия жұмыс сапарымен Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде болды. Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі техникалық кәсіптік білім беру саласында мамандарды даярлайды.

Ұжыммен кездесу барысында депутаттар оқу үдерісінің ұйымдастырылуымен танысып, колледждегі жұмысқа қатысты түйткілді мәселелерді тыңдады. Атап айтқанда, «Педагог мәртебесі туралы» заңда қарастырылған магистратура дәрежесі бойынша оқытушыларға қосымша ақы төлеу жөніндегі мәселесі және жас мамандарды дайындау секілді мәселелер талқыланды. Кездесу барысында көтерілген сұрақтар нақтыланып, кейбір мәселелер депутаттын жеке бақылауына алынды.