Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2022 жылғы 12 мамыр. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Әуезов, Медеу аудандары.


Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова аймақтарда халықпен кездесу аясында жұмыс сапары басталды.

Алматы қаласындағы №16 қалалық емхана қызметкерлерінің Конституциялық реформаларға қатысты сұрақтарына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова толық түсініктеме берді.

Білім беру және денсаулық сақтау мекемелері өз ұйымдары ғимараттарының материалдық-техникалық базасы мен жалпы жағдайын жақсартуға байланысты жинақталған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

 Мәжілістің құзыреті кеңейіп, республикалық бюджеттің атқарылу сапасына парламенттік бақылау күшейіп келе жатқаны мені қуантады. Бұған дейін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоғары аудиторлық палатаға айналатыны, оның басшысы жылына екі рет Мәжіліс депутаттарының алдында есеп беретіні айтылған болатын. Қазір біз сол есептерді тыңдап, барлық сұрақтарды қоя алатын боламыз, - деп атап өтті депутат Ж.Сүлейменова.

Сол күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ж.Сүлейменова, А.Құспан, А.Сарым және қалалық партия штабының мүшесі А. Ажиманов Медеу ауданының педагогикалық ұжымымен кездесті. Күн тәртібінде Президенттің конституциялық реформасын түсіндіру бойынша сөз қозғалды.

Кездесу барысында, білім беру саласында бірқатар мәселелер көтеріліп, педагогикалық ұжым референдум туралы өз ойларымен бөлісті.