Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2022 жылғы 17 мамыр. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Наурызбай, Жетісу аудандары.

2022 жылғы 17 мамыр. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Наурызбай, Жетісу аудандары.

Бүгін  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ж. Сүлейменова, А.Құспан, А. Сарым Алматы қаласы Наурызбай батыр ауданындағы №186 мектептегі ұстаздармен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, сол күні Конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстары аясында Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Көлік және транспорт колледжінің ұжымы, жас оқытушыларымен Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылады.

Колледждің жас оқытушылары тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасына жекеменшік колледждердің тең негізде қатысуы және айлық жалақыны мемлекеттік колледждермен бірдей деңгейде көтеруге қатысты сауалдар қойылды. Сонымен қатар жұмыссыздық туралы, білім сапасын көтеру, ауылдан келетін балалардың жалпы білім беретін пәндерден қайта оқытудағы әдістемелік ұсыныстар талқыланды.

Колледжде жалпы білім беретін пәндердің оқытушыларына, арнайы пәндердің оқытушылары және өндірістік шеберлердің айлық жалақысын көтеру қажеттігі айтылды.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Депутаттық корпуспен бірлесіп, коллелджерде мемлекеттік тапсырысты орналастырудағы бағаны көтеруге қатысты мәселені қолға алып, Үкіметпен шешуге атсалысып жатқандығымызды жеткіздік.


#ReferendumAMANAT #DeputatAMANAT