Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2022 жылғы 18 мамыр. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Алмалы, Әуезов аудандары.

2022 жылғы 18 мамыр. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Алмалы, Әуезов аудандары.

Бүгін  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ж. Сүлейменова, А. Құспан, А. Сарым, Алматы қаласы Мәслихатының хатшысы Конкуров Станислав Владимирович "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының бірқатар бизнесмендерімен кездесті.

Кәсіпкерлер Конституциялық реформаларды қолдайтындықтарын айтты. Референдумға қатысты сұрақтарды көтерді. Кездесу барысында кәсіпкерлермен Референдум және Конституцияны өзгерту арқылы жаңа қоғамдық келісім құру, Әділетті Қазақстан қалыптастырудың жолдары талқыланды. Конституциялық реформаларда көрініс тапқан Әділеттілік қағидаты негізінде өзара қатынастардың жаңа сипаты мазмұндық тұрғыдан түсіндірілді.

Сондай-ақ, сол күні Алматы қаласындағы "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұжымы, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырушы педагог мамандар, тренерлік құрамы және біліктілігін арттырып жатқан бастауыш және қазақ тілі пәнінің ұстаздарымен кездесті. Алматы қаласында "Өрлеу" біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы "Ұстаздар үй" деп аталатын ғимаратта орналасқан. "Ұстаздар үйі" деп өзінің аты айтып тұрғандай, біліктілікті арттырудың киелі де қасиетті білім ордасы, тарихы бар ұжым.

Аталған ұжымда өмірінің барлық кезеңін білім саласына арнаған білікті ұстаздар еңбек етеді. Барлығы бірауыздан Конституциялық реформаларды толыққанды қолдады!

Бүгінде сапалы педагог кадрларды дамыту, педагогикалық практикаға "Өмір бойы білім алу" қамтитын енгізуде, жаңа білім методикасын ұстаздарға меңгертуде аянбай еңбек етіп, саланың дамуына зор үлес қосып жүрген МАМАНДАР.

#ReferendumAMANAT #DeputatAMANAT