Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2022 жылғы 26 мамыр. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Алатау ауданы.

2022 жылғы 26 мамыр. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Алатау ауданы.

5 маусым күні өтетін Референдум туралы түсіндірме жұмыстары аясында Алматы қаласы Алатау ауданындағы 181 орта мектептің ұжымымен кездестік.

3600 оқушылары, 500 астам қызметкерлері, оның ішінде 257 ұстаздары бар білім беру ордасы, директоры Сатаева Жеңісгүл Референдумды қолдайды!

Кезекті кездесу Алатау ауданындағы 182 орта білім беретін мектептің ұжымымен Конституциялық реформаларды талқыладық.

Білім беру ұйымының ұжымы, мектеп басшысы Референдумнан бөлек, әлеуметтік қордаланған мәселелердің шешілуін талап етті. Өзімізге түртіп алдық.

Референдум - әрқайсысымыздың болашағымыз.

Еңбек ұжымдарымен кездесіп, Конституциялық реформаларды талқылап жатырмыз.

Сондай-ақ, Алатау ауданындағы Ақбұлақ базарының қызметкерлерімен кезекті кездесу өтті.Алатау базарының қызметкерлеріне Конституциялық реформаның ерекшеліктері түсіндірілді.

Негізгі мақсаты:


☑️ Суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тарту.

☑️Мемлекет пен қоғамның тиімді диалогын құру.

 ☑️Қазіргі саяси басқару моделін жүйелі түрде трансформациялау.

☑️Халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейту.

☑️Азаматтардың құқық қорғау тетіктерін күшейту.

Кездесуге келген азаматтар салыққа байланысты сұрақтар қойылды.

Сол күні Алатау ауданындағы 29 қалалық емханада жалғасты. 2015 жылы эксплуатацияға берілген емханада 302 медициналық қызметкер Алатау ауданында күніне 500 тұрғынға медициналық ем жасайды. Білікті дәрігерлер ұжымы Реформаны қолдайтындықтарын жеткізді.

Дәрігерлер дауыс берудің ерекшелігін сұрады. Егжей-тегжейлі түсіндірдік.

#ReferendumAmanat