Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2022 жылғы 27 мамыр. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Бостандық ауданы.

2022 жылғы 27 мамыр. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Бостандық ауданы.

Алматы қаласындағы Бостандық ауданы Тері-венерологиялық диспансері ұжымымен кездесіп, Конституциялық реформалар аясында енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.

Дәрігерлер алдағы Референдум туралы жақсы түсініп, жылы қабылдауда.

5 маусым күні өтетін Референдумда өзгерістер үшін дауыс беруге шақырамын.

Сол күні И. Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар аурухана ұжымымен кездесуде Конституциялық реформалардың халыққа берері, демократиялық өзгерістер туралы пікірлерді және ойларды өрбіттік.

Конституциялық реформаларды аталған ұжым қолдайтынын білдірді.

Еліміздің болашағы үшін өзекті өзгерістерді қолдайық!

Сондай-ақ, Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты стратегиялық даму қарқыны ерекше білім беру ордасында 81 мектеп ұжымымен Конституциялық реформаларды талқылау аясында кездесу өткіздім.

Пандемиядан кейінгі күрделі 2021-2022 оқу жылын аяқтаған ұстаздар қауымы 5 маусым күні өтетін Референдумды қолдап, өзгерістерді оң қабылдайтындықтарын жеткізді.

Халқымыз «Ұстаз – келер күннің ұстасы» - дейді. Ия, Ұстаз балаларымыздың дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі.

Бұл орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұстаздарымыздың жұмысына жағдай жасап, мәртебесіне сай құрмет көрсетуін ерекше ықыласпен қабылдап, ризашылықтарын білдіруде.

Ақпараттың таралу жылдамдығының өсуі білімнің жаңару жылдамдығын да арттырып отыр. Конституциялық реформаларда қарастырылған өзгерістер ғаламдық және уақыт кеңістігіндегі орын алып отырған өзгерістерден туындайды. Оны ұстаздар қауымы жақсы түсініп, қолдауда.

Конституциялық реформалармен қоса, білім мазмұны, ұстаздардың аттестациясы және басқа да білім саласында өзекті саналатын сұрақтарды талқыладық. Ол туралы алда бөлісемін.

5 маусым Референдумда еліміздің болашағы үшін өзгерістерге дауыс беруге шақырамын.

Сонымен сол күні Конституциялық реформаларды түсіндіру аясында Мүсілім Базарбаев атындағы 138 мектеп гимназиясының ұжымымен кездесіп, өзгерістер мен толықтырулар туралы талқыладық.

Кездесуге республикалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлерін біліммен сусындатқан ұстаздар қауымы қатысты.

Еліміздің саяси трансформациясын қамтамасыз ететін Конституциялық реформалар іргелі сипатқа ие. Себебі, бұл мемлекет пен қоғам арасындағы ең өзекті саналатын сұрақтарға дауыс беруде көрінетін азаматтарымыздың ерік-жігерін білдіретін кең әрі ауқымды үрдіс. Сондықтан, елдің болашағы үшін шешім қабылдауда халықтың қатысуы өзекті

#ReferendumAMANAT