Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2022 жылғы 30 мамыр. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Әуезов ауданы.

2022 жылғы 30 мамыр. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Әуезов ауданы.

Бүгiн Алматы қаласындағы Конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстары аясында Розыбакиев атындағы 153 мектеп гимназиясының ұжымымен кездестім.

Гимназия ұжымы референдум оң өзгерістерге бастар жол екенін өз пікірлерін білдіру барысында жеткізді. Бұдан бөлек әлеуметтік мәселелер, оның ішінде тұрғын үйлермен қамтамасыз ету, "Алматы жастары" бағдарламасын жүзеге асырудағы кепілдік мәселелері жайлы сұрақтарын қойып, депутаттар тарапынан нақты жауаптар алды.

Конституциялық реформалар іргелі сипатқа ие. Сондықтан 5 маусым күні өтетін референдумға барып еліміздің болашағына оң әсер ететін өзгерістер үшін дауыс беруге шақырамын.

Сол күні Конституциялық реформаларды түсіндірме жұмыстары аясында Алматы Заң колледжінің ұжымы және студенттерімен кездестік.

Жалпы келешегін ойлаған жастар көкейінде жүрген көптеген сауалдарын қойды. Жастардың сауалдарына барынша тиянақты жауап беріп, Референдум аясында адамдардың құқықтарының лайықты қорғалу мәселесі жан-жақты талқыланды.

Алматы Заң колледжінің студенттері болашақ заңгерлер ретінде Референдумды қолдайтындарын жеткізді.

Оқытушылар да Әділетті Қазақстан құру алдымен осы Конституциялық реформаларды жүзеге асырумен тығыз байланысты екендігін айтты.

Сондай-ақ,  Дінмұхаммед Қонаев атындағы колледж оқытушылары және студенттерімен кездестім.

Студенттер өзекті сұрақтар көтерді, Ата заң Конституцияның өзгеріске ұшырайтын баптары жайында кеңінен мағлұмат айтылды. Ата Заңдағы енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар арқылы Халықтың рөлінің артатынына қанықты.

Қонаев колледжі бүгінгі таңда талқыға түсіп, болашақта Әділетті Қазақстанның қалыптасуына ықпал ететін Референдумды бір ауыздан қолдайды.

Осы күні Конституциялық реформалардың тармақтарын жан-жақты түсіндіру мақсатында Алматы қаласының мемлекеттік инновациялық технологиялар колледжінің оқытушылары және студенттерімен кездесу өтті.

Басқосуда адам құқықтарын қорғауды нығайту мақсатында Конституцияға Конституциялық сот және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуін кеңінен тарқатып айттық.

Өлім жазасына тыйым салуға байланысты жастар арасында пікірталас өрбіді. Келелі ой айтып, келешегінен зор үміт күттіретін жастарды көріп, еліміздің ертеңінің жарқын боларына сенімдімін. Кездесуде Референдумға барып, оң өзгерістердің бастаушысы болуға ниетті жастардың қолдауларын естідік.

#ReferendumAMANAT