Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2022 жылғы 31 мамыр. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Медеу, Алмалы, Жетісу және Түркісіб аудандары.

2022 жылғы 31 мамыр. Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Медеу, Алмалы, Жетісу және Түркісіб аудандары.

Бүгiн Алматы қаласындағы Алматы теміржол көлігі колледжі ұжымымен кездестік.

Басқосуда Референдум туралы кеңінен қозғалды. Бұл болашақ үшін оңды өзгерістің бастаушысы екеніне, әсіресе адам құқықтарын қорғаудың күшейтілетіндігіне баса назар аудардық.

Студенттер мен ұжым қызметкерлері тарапынан жастарға тәрбие мәселесі жайында сұрақтар қойылды. Тағы да мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жайында сұрап білді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Алматы теміржол көлігі колледжі ұжымы, студенттері Референдумды қолдайды.

Сол  күні «Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей», -депті Лев Толстой. Сондай адам жанын байытатын кітаптарды дайындауға мұрындық болып жүрген «Атамұра» корпорациясының ұжымымен де кездестік.

Келелі әңгіме қозғалды. Баспагерлерді алдымен кітап шығару ісіндегі өзекті мәселелер толғандыратына көз жеткіздік.

Баспагерлер Референдумнан жақсы өзгерістер күтетіндігін жеткізді.

Сондай ақ, осы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Конституциялық реформаларын түсіндіру мақсатында және                           5 маусымда өтетін Референдум туралы Сүйінбай атындағы №143 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің ұжымымен алқалы жиын өтті.

Лицей экологиялық және қауіпсіз білім беру ордасы концепциясын жүзеге асыруда. Директоры Өмірбек Айтуғанұлы белсенділігі жоғары, білім саласына жанашыр, білікті ұстаз, тәжірибелі басшы.

Өздеріңіз білетіндей, референдум демократиялық реформалардың маңызды элементі.

Кездесу барысында біз Конституциялық референдумның мәселелерін және оған қатысу қажеттілігін жан-жақты талқыладық.

Жиынға келген ҰСТАЗДАР ел ертеңі үшін маңызы зор Референдумға келу арқылы белсенділік таныту парыз екендіктерін көңілдеріне түйгендіктерін жеткізді.

--Еліміз үлкен тарихи маңызды кезең алдында тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Конституциялық реформалары Қазақстанның демократия принциптеріне сай дамуына, адам құқықтарын қорғауды нығайтуға, билік тармақтары арасындағы балансты қамтамасыз етуге және жалпы еліміздің жан-жақты дамуына бағытталған.

Кезекті кездесу өскелең ұрпақты тәрбиелеуде көп еңбек сіңіріп, елдің ризашылығына бөленіп жүрген Ұстаздар қауымдастығымен, Түркісіб ауданына қарасты №49 орта білім беру мектебі ұжымында өткізілді.

Ұстаздар тарапынан Референдумға қатысты сұрақтар және ұсыныстар айтылды. Конституциялық өзгерістерді жан-жақты талқылады.
Оның арасында балалардың білімі, білім жүйесіндегі сапа, тәрбие жайы сөз болды. Аталған шара барысында ұстаздар қауымының белсендігіне ризашылық білдіремін.

#ReferendumAmanat
        #deputatamanat