Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2022 жылғы 1 маусым Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Жетісу ауданы.

2022 жылғы 1 маусым Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы,  Жетісу ауданы.

Бүгiн Алматы қаласындағы № 87 орта мектебінің ұжымымен кездесу болды.

Білім беру саласы, соның ішінде мектеп жасындағы балалардың сапалы білім алуы мемлекетіміз үшін әрқашан үлкен мәні бар дүние.

Конституциялық реформалардың маңыздылығын және демократиялық үдерістерді қалыптастырудағы үлкен рөлін түсіндірдік.

Қызу талқылаулар болды. Ұстаздар қауымы Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға және әлеуметтік бағыттарға байланысты сұрақтар қойды.

Референдум еліміздің тарихи кезеңі. Болашақ өзгерістер үшін дауыс беруге шақырамын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Конституциялық реформаларын түсіндіру аясында 66 мектеп-гимназиясының ұжымымен кездестік.

Біз өз тарапымыздан Референдумның қоғам өміріндегі өзгерістерге ықпалы жайында кеңінен талқыладық.

Келесі кездесу № 66 орта мектебінің ұжымымен болды. Ұстаздар тарапынан Референдумға қатысты сұрақтар қойылды. Әлеуметтік салада орынды ұсыныстар айтылды. Аталған ұсыныстар Әлеуметтік кодекс аясында шешілуіне күш салатын боламын.

Ұстаздар қауымы Референдумға қатысып, қолдайтындықтарын білдірді.

Референдумға 3 күн қалды. Біздің мақсат барынша жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Конституциялық реформаларының мәнін жеткізу.

Сондай ақ, сол күні №3 жалпы білім беретін мектебінің ұжымымен Конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстарын жүргіздiм.

Кездесу барысында Конституциялық референдумның мәселелерін және оған қатысу қажеттілігін талқыладық.

Жиын соңында ұстаздарымыз мемлекетіміздің болашағы үшін тарихи бетбұрысқа бастайтын Референдумды азаматтық белсенділігімен бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Конституциялық реформалары Қазақстанның демократиялық дамуына, адам құқықтарын лайықты қорғауға, халықтың мемлекеттің ісіне белсенді араласуын арттыру және қамтамасыз етуге бағытталған.

Осы күні кездесу Жетысу ауданындағы №80 орта білім беру мектебі ұжымында өтті.

Ұстаздар тарапынан Референдумға қатысты сұрақтар және ұсыныстар айтылды. Конституциялық өзгерістержәне толықтыруларды жан-жақты талқылады.

Аталған шара барысында ұстаздар қауымының белсендігіне ризашылық білдіремін.