Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2022 жылғы 2 маусым Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы, Түркісіб ауданы.

2022 жылғы 2 маусым Аймақтағы жұмыс сапары. Алматы қаласы,  Түркісіб ауданы.

РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ

Бүгін 5 маусымда өтетін Референдумның өзектілігін насихаттау мақсатында «AMANAT» партиясы Түркісіб ауданы ардагерлерімен кездестім.

Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бастамасын талқылап, пікір алмастық.

Болашағымыз үшін өзгерістерге бастайтын шарада ардагерлер азаматтық белсенділік танытып, Референдумға қатысатындарын жеткізді.

ДӘРІГЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Сол күні «AMANAT» партиясы №9 емхана дәрігерлерімен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Конституциялық реформаларын түсіндіру мақсатында пікір алмастық.

Жиында Референдумның мәні жан-жақты талқыланды.

Кездесуде дәрігерлер қоғамдастығы Референдумды қолдайтындықтарын жеткізді.

Референдум қарсаңындағы түсіндіру жұмыстары қарқынды жалғасуда. Референдум туралы халықты ақпараттандыру, күтілетін өзгерістер туралы кеңінен түсіндіру мақсатында Алматы қаласының №187 бөбекжай балабақша ұжымымен кездесу өтті.

Кездесу барысында аталған балабақша тәрбиешілері жан басына шаққандағы қаржыландыру, жалақы және т.б. өтініштерін жеткізді.

Балабақша өз жұмысын осыдан екі жыл бұрын бастаған екен. Жаңа үлгіде салынған балабақшаны аралап, асық терапия, тұз шахтасы және көптеген методикалармен таныстық. Балабақша ата-аналары және тәрбиешілері Референдумды қолдайды.

Еліміздегі Конституциялық реформалардың азаматтарға, әр еңбек адамына тікелей қатысы бар. Соның ішінде Ұстаздар үшін өзгерістердің өзектілігі зор. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру аясында 44 мектебі-гимназиясының Ұстаздарымен кездесіп, саяси бастамаларды жан-жақты талқыладық.

Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар азаматтарымыздың құқығын қорғауды, әділеттілікті қамтамасыз етуді көздейді. Парламенттің ықпалын арттыру негізгі міндеттердің бірі.

Ұстаздар осы Референдумнан әділеттілікті орнатуда зор үмітті екендіктерін жеткізді.

Референдумға белсенді қатысайық!

Еліміздің Жаңа дамуына зор үлес қосайық.

#ReferendumAMANAT