Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
03.07.2023 г., г. Актобе.

Ақтөбе облысына келдім.

Парламент депутаттары жұмысының ең маңызды бөлігі – өңірлердегі халықпен кездесу, инфрақұрылымдық объектілерді аралау, әлеуметтік объектілердің құрылыс барысымен танысу, проблемалық мәселелердің шешімін халықпен талқылау, алда қабылданар Заң жобаларының мазмұнын талқылау, ұсыныс-пікірлерді жинақтау жұмысы басталды.

Жоспарымда салынуы проблемалы объектілерге бару, нақты проблеманың шешімін зерделеу, мектептердің құрылыс барысымен танысу, қабылданған Заңдарды түсіндіру, алда қабылдануы жоспарланған "Ғылым және Технологиялық саясат туралы", "Мәдениет туралы", "Білім туралы" Заңдарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылау.

Келген бетте Ақтөбеде «Aqtobe su-energy group» АҚ ұжымымен кездестім. AMANAT партиясы Ақтөбе облыстық филиалында азаматтарды қабылдадым. Құрылысы тоқтап қалған Шилісай мектебіне бардым.

#AMANAT2023