Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
03.07.2023 г., г. Актобе.

Кеше Мәжіліс Вице-Спикері Дания Еспаева Дания Мадиқызы, AMANAT партиясы фракция мүшесі Галымжан Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы және Ақжол партиясынан Асқар Садықовпен «Aqtobe su-energy group» АҚ ұжымымен кездестім. Ашық диалог барысында кәсіпорын мен оның қызметкерлерінің өзекті мәселелері талқыланды.

VIII шақырылымның 1-сессиясында қабылданған "Қоғамдық бақылау туралы", "Кәсіптік біліктілік туралы"
Заңдарының ерекшеліктерін түсіндірдік.

Халықты толғандыратын ең өзекті сұрақтар - жылумен, сумен қамту мәселерімен таныстым. Ақтөбе қаласында ауыз су проблемасы жазғы 3 айда өзекті. Мамыр айының 15-нен Тамыз айының 15-не дейін бау-бақша суаратын кезеңде ауыз су тапшылығы қатты сезіледі.

"Aqtobe su-energy group" акционерлік қоғамы Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлерді, мемлекеттік мекемелерді, мекемелер мен ұйымдарды суық, ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етеді. 2020 жылы "Ақбұлақ" АҚ және "Трансэнерго"АҚ коммуналдық қызметті қайта ұйымдастыру арқылы құрылған. Қазір мекеменің қызметін 150 мыңға жуық абонент пайдаланады. Еңбек ұжымымен кездесу барысында Су Кодексіндегі ауыз су тапшылығын болдырмау механизмдері талқыланды.