Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
03.07.2023 г., г. Актобе.

Кеше Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Галымжан Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлымен бірге AMANAT партияның облыстық филиалында тұрғындарды қабылдап, медициналық, инфрақұрылымдық мәселелермен жүгінген ақтөбеліктердің талап-тілектерін тыңдадым.

Көтерілген сұрақтар: Ақжар-плюс елді мекенінің ауыз су мәселесі, Өрлеу елді мекендегі жайылым жерлер, инфрақұрылымын дамыту мәселесі, кәсіпкерлік саласы бойынша грант беру конкурсының талаптарын өзгерту, банктен алған несиелерін кешіру, бүйрегін алмастыруға көмек, "Aqtobe-su energy " мекемесінің өкілі экология департаменті салған айыппұлымен келіспейтінін айтып келді. Барлық өтініштер бақылауға алынып, орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға шешім қабылдау үшін жолданады. Біз шешімдердің орындалуын қадағалауда ұстаймыз.

#AMANAT2023