Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
4 июля 2023 года встречи в Мугалжарском районе Актюбинской области.

Мәжіліс депутаттарының 2023 жылға 04 шілде күні   Мұғалжар ауданындағы кездесулер туралы  АҚПАРАТ

  • Ембі қаласында қала тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге 150 адам қатысты.
  • Азаматтарды жеке қабылдау жасалды, қабылдау жасаған ҚР Мәжіліс депутаты Ж.Д. Сүлейменова. Қабылдауға бір адам болды Казбеков Асылхан Серикович. Көтерілген сұрақ Ембі қаласындағы Темір жол өткелінің мәселесі, яғни автокөлік өтетін мост салу туралы.
  • Кездесу барысында көп көтерілген сұрақ пен өтінішке орай Ембі-Алтынды тас жолының кәзіргі жағдайы барып қаралды. Бұл қарау барысында Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Р.Ә.Ахметов, Қайынды ауылдық округінің әкімі Н.Жалғас қатысты. Сол арада ауылдық округі әкімінің жолға қатысты мәліметі тыңдалды.
  • Ембі қаласында салынып жатқан 320 орындық мектеп құрылысымен танысылды. Бас мердігер «РусТал» ЖШС, құрылыс суммасы 1 689 399 160,16 тенге. Басжобалаушы  «МастИнжПроект» ЖШС (12 438 546,40тг), техникалық қадағалау «Алатау сапа құрылыс»                  (30 585 495,19тг) жалпы алаңы- 5772,40м2, пайдалы алаңы 4925,23м2, құрылыс жүргізу мерзімі 12 ай. Құрылыс басталуы 15.09.2021ж. Мекен жайы Ембі қаласы Қазақстан м/а Жалбасов көшесі.
  • Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде салынып жатқан бала-бақша құрылысымен танысты. Салып жатқан жеке кәсіпкер Ешбаев Мақсат, тапсыру мерзімі 2023 жылдың 1 қыркүйегі. Бала-бақша 120 орындық, Ембі қаласы Ғ.Жанесов көшесінде орналасқан.
  • Жем қаласының қәзірге жай-күйімен, атқарылып жатқан жұмыстарымен және қаланың бас жоспарымен танысты. Жем қаласы 2000 жылы салынған. Жер көлемі 20,84 мың шаршы.км, халық саны 1303 адам, Ұлттық құрылымы қазақтар – 94,0%, орыстар –  0,1%, басқа ұлттар – 0,1%. Қала әкімі Бисенов Жұматай Ұбайдуллаұлы (2021 жылғы 21-шы қарашасынан бастап). Қалада 1 орта мектеп, 1 мемлекеттік бала-бақша бар. Бес қабатты бос тұрған үйлердің жөнделу барысу туралы Мұғалжар ауданының әкімі Д.Ермағанбетов хабарлама жасады және қаланың бас даму жоспарымен таныстырды.
  • Жем қаласынан соң депутаттар Жұрын ауылдық округіне келді. Жұрын ауылында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша салынған теплица жұмысымен танысты. Теплицада қияр өсіріледі, өнім жылына екі рет алынады. Күтілетін өнім мөлшері бір аусымда 5 тонна. Жеке кәсіпкер Жүнісов Ержан алынған несие мөлшері 8 млн тенге. Ауылдық округ орталығы – Жұрын ауылы, Ақтөбе қаласынан 122 км және аудан орталығынан 24 км қашықтықта орналасқан. Жұрын ауылдық  округінің жер көлемі- 239 219 000 га  құрайды. Халық саны-1413. Журын ауылдық округі бойынша  1 орта мектеп, 1 балабақша бар. Ауылдық округ әкімі Үргенішбаев Рамазан Көбейсінұлы
  • Қандыағаш қаласында депутаттар салынып жатырған 600 орындық  орта мектеп құрылысымен танысты. Бас мердігер «ARS BUILDING» ЖШС. Құрылыс басталуы уақыты 17.08.2021ж., аяқталу уақыты 01.09.2024ж. көзделген. Жалпы құны 2 498 896,878 мың.тг.
  • Келесі кездесу Ақкемер ауылында өтті. Депутаттар жаңадан салынған дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысты.Амбулатория 2023 жылы пайдалануға берілген. Бас дәрігері Бөпелек Звира Айдарбайқызы, жұмысшылар саны – 13 адам.
  • Ақкемер ауылдық Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді. қатысқан адам саны -70. Мәдениет үйі штаттық бірлігі – 8 адам. Ауылдық мәдениет үйі типтік үлгідегі, 200 орындығы бар. 2022 жылы күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген.