Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Абай обл

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0oXKmP7J25eGASNgsMv8qBbVMaWtRPpqzYMENAMQHcVczyM3zL7YhSt9ix1St6QAl&id=100001071131503&mibextid=Nif5oz https://www.instagram.com/p/CwgpAU2IfRG/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

Абай облысына сапарымыз туралы.

Абай облысына сапарымда білім және мәдениет саласының еңбек ұжымдарымен Абай облысы мәслихатының депутаты М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры, қайраткер ұстаз Шагангул Жанаева Шағангүл Алдамжарқызымен бірге кездестік.

Өздеріңізге белгілі, Шағангүл Алдамжарқызымен сайлауалды кездесулерімізде Абай облысын бірге аралағанбыз. Осы жолы, AMANAT партиясы сайлауалды бағдарламасындағы ұсыныстардың қайсысын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 100 күндік алғашқы сессиясында орындай алдық, алда қандай жоспарымыз бар? соны талқылау, есеп беру болатын.

AMANAT партиясы сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін музей, кітапхана, архив қызметкерлерінің жалақысы екі есе көтерілетін болады.

Абай облысында елімізге белгілі 4 мұражай қаз-қалпында сақталған.
Келген бетте жергілікті мұражай қызметкерлерімен кездестім.
Кездесу Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтті. Кездесуге Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі, Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейі, Ф.Достоевский музейі және Невзоровтар отбасы атындағы облыстық өнер музейінің басшылары, қызметкерлері қатысты.

Бұл кездесуде мұражай саласын дамытудың түрлі аспектілерін талқылап, өзекті сұрақтар көтерілді. Мұражай қызметкерлері өлкенің мәдени мұрасы мен тарихын сақтауға деген ниеттерін білдірді. Ұсыныс ретінде білім беру бағдарламаларында музайге балаларды апаруды міндеттейтін компонент қарастыру талқыланды. Абай облысының өлкетанулық мұражайында Алаш қайраткерлерінің мұражайын бөлек жасауға экспонаттар жеткілікті екен. Тек ғимарат керек. Өлкетанулық мұражай экспонаттары жағынан ғылыми-танымдық мұражай ретінде балаларға берері көп. Сондықтан, мектеп оқушылары үшін қолжетімді және қызықты боларлық контент бар, ғимаратты кеңейтіп интерактивті көрмелер мен білім беру бағдарламаларын интеграциялау негізінде балалар арасында мұражайға қызығушылық тудыруға болады.

Кездесу барысында музей мамандарымен бірге техникалық персонал жалақысын көтеру мәселесі, ядролық полигоннан зардап шеккен азаматтарға берілетін жалақыға қосымша әлеуметтік төлемді көтеру, мәдениет қызметкерлеріне мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алу, оқушы жастардың музейге келуін кешенді бағдарлама арқылы бекіту қажеттігі туралы сауалдар қойылды.

Әрине, рухани дүниені қалпына келтірмей, болашақ ұрпағымыздың тарихи танымын қалыптастыру мүмкін емес. Мұражай қызметкерлерінің өз миссиясына қандай жауапкершілікпен қарайтындығы, кәсіптеріне адалдығы қуантады. Мәдениет және тарих – еліміздің бірегей ұлттық қазынасы, сондықтан біз оны сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуге қамқорлық жасауымыз керек.

Келесі Абай атындағы көп салалық кітапханада кітапханашылармен кездестік.

Кітапхана ісін дамыту мәселелеріне тоқталар болсақ, соңғы бірнеше жылда кітапханалар мен кітапхана қызметкерлерімен кітапхана саласын дамытудың негізгі мәселелеріне өзгеріс енгізуге еңбектеніп келемін.

"Кітапхана ісі" мамандығына мемлекеттік гранттың 5 есеге артуы сол жұмыстың нәтижесі. Енді "Кітапханашы-педагог" жаңа мамандығына лицензия берілсе кітапханашылардың мәртебесін көтеруге және еліміздің кітапханаларының әдістемелік мазмұнды және қолжетімді қызметінің заңнамадағы маңызды өзгерістеріне септігін тигізеді деп ойлаймын.

Сонымен, Абай облысында
Абай атындағы көп салалық кітапханада кітапханашылармен кездесу барысында кітапханашылардың күнделікті жұмысында кездесетін қиындықтарды, оның ішінде еңбек жағдайын жақсарту мен кәсіби біліктілігін арттырудың шешімдерін Үкіметтен талап ететін боламыз.

Заң жобасында алда тағы қарастыратын сұрақтар туындады. Мысалы, қосалқы қызметкерлердің еңбек жағдайы және сирек кітаптар қорының реставрациясы бөлімін қарастыру өзекті.
Абай кітапханасы сирек кітаптар қорымен ерекшеленетін бірегей облыстық кітапхана. Сол сирек қорды реттеуге арналған реставрация қызметін қарастыру керек.

Кітапханашылар қоғамымыздың білімі мен мәдениетінде маңызды рөл атқарады, олардың кәсібилігі мен біліктілігін арттыруға жағдай жасалуы абзал. Біз еңбек жағдайын жақсартуға, жалақыны көтеруге және оқыту мен кәсіби дамуға қосымша мүмкіндіктер беруге бағытталған өзгерістерді заңнамада ұсындық.

Сонымен қатар, кітапхана қорын жаңарту және заманауи технологияларды енгізу мәселелерін қарастырдық. Кітапханалар қоғамның заманауи талаптары мен қажеттіліктеріне бейімделуі керек, ал жаңа технологияларды енгізу ақпарат пен білімге қолжетімділікті ыңғайлы және тиімді ететіндігіне сенім мол. Кітапхана оқырмандарының оқу, функционалдық сауаттылығын арттыруға ықпал ететін "Кітапханашы-педагог" жаңа мамандығының білім беру бағдарламасын ұйымдастыру идеясын салалық орталық мемлекеттік органдар қолдайды деп ойлаймын.

Кітапхана ісін дамытудың маңызды бағыты қызмет түрлерін кеңейту және оқушылардың үйірмелерін кітапханада өткізуді қарастыру. Кітапханалар қоғамымыздың мәдени өмірінің нағыз орталықтарына айналып, жастардың бас қосатын сүйікті ортасы болуы абзал. Заңнамалық өзгерістердің негізгі мақсаты - кітапхананың және кітапханашы мамандығының қоғамымыз үшін одан да тартымды әрі мағыналы етуде. Себебі, кітапхана ісін дамыту - білімге қолжетімділікті арттырудың мүмкіндігі.

Ядролық медицина және онкология орталығы ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірдің онкологиялық қызметінің бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындылары, Орталыққа ғылыми зерттеулер және басқа мүмкіндіктер үшін "Ұлттық" статусын қарастыру, науқастарды емдеудегі жетістіктер, сондай-ақ даму перспективалары талқыланды.

#DeputatAMANAT2023