Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
03.01.24 г. рабочая поездка в регион г. Актобе.

http://https://www.instagram.com/p/C1opdU8IPbp/?img_index=1

 2023 жылғы 3 қаңтарда Ақтөбе қаласындағы №1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Депутат мұндағы қариялардың хал-жағдайымен танысып, мәселелерін білді.

1973 жылы салынған №1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ғимараты былтыр күрделі жөндеуден өткен. Орталық директоры Асылбек Мұханбетқалидың айтуынша, орталықта тұратын зейнет жасындағы 154 қария мен 82 мүгедек жанға барлық жағдай жасалған. Мұнда 700-дің үстінде кітап қоры бар кітапхана, емдік дене шынықтыру бөлесі жұмыс жасап тұр. Стол теннисі, билярд, музыкалық аспаптар да бар.

Кездесуде орталық директоры Асылбек Мұханбетқали басты мәселелерді ортаға салды. Ол әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы жылма-жыл өскенімен әлі мардымсыз екенін айтты. Сондай-ақ қызметкерлердің тұрғын үй мәселесін көтеріп, әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған бағдарлама жасау жөнінде ұсынысын білдірді.

Жұлдыз Сүлейменова кездесуге қатысушыларды Мәжіліс қабырғасында атқарылған жұмыстармен таныстырды. Мәжіліс депутатының айтуынша, іссапардың мақсаты - өңірлерді аралау арқылы қордаланған мәселелерді жинақтай отырып, оның заңнамалық шешімдерін талқылау. Депутаттар іссапардан оралған соң Үкіметпен бірге халықтан жинаған ұсыныстар мен халықтың көкейінде жүрген сұрақтарды талқылап, оның шешімін ұсынатын болады.

-Ең төменгі күнкөрісті, әлеуметтік сала қызметкерлерінің айлық жалақысын көтеруге байланысты жалпы Үкімет тарапынан жұмыс тобы құрылған болатын. Сол жұмыс тобының алғашқы отырысы ақпан айынан басталады. Оның ішінде азаматтық қызметшілердің айлық жалақысы көтеру және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің айлық жалақыларымен теңестіруге қатысты жалпы комиссия отырысы болады. Сондықтан да бүгінгі кездесу өте пайдалы болды деп ойлаймын. Бұл жерде қордаланған мәселе осы айлық жалақы және еңбек демалысына шыққан кездегі денсаулыққа бөлінетін қаражаттың қарастырылмауы туралы болып отыр.