Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
24.03.2021г Instagram желісі

Құрметті достар! Баршаңызға белгілі қазіргі уақытта денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және әлеметтік қорғау салаларында жалақының жүйелі өсуі қуантады. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе өсетіндігі және мұғалімдердің де еңбекақысы 2 есеге көбейетіндігі қарастырылған. Алайда, азаматтардан келіп түскен көптеген өтініштерде мектеп алды мекемелердің, интернаттар мен балалар үйінің медициналық қызметкерлері мен мектеп кітапханашыларының еңбекақысы Білім және ғылым министрлігіне қарасты бола отырып, қолданыстағы нормативті құжаттарға сәйкес, педагогикалық қызметкерлерге теңестірілген санаттағы қызметкерлер ретінде денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызметкерлердің еңбекақысынан айтарлықтай төмен екендігі айтылған. Бұл жерде басты мәселе білім беру саласындағы бес жарым мың медициналық қызметкерлер мен жеті мыңға жуық мектеп кітапханашыларының еңбекақысын көтеру керек екендігі айтылып тұр. Осы ретте, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары атынан Смышляева Екатерина осы аптада Премьер-Министрдің орынбасары Тоқжанов Ералы Лұқпанұлына депутаттық сауал жолдады. Аталған сауалда қызметкерлердің ведомствалық тиесілігін қалпына келтіріп, еңбекақы төлеуде әділетті қолдау таныту қажет екендігі айқындалды. Себебі, PISA халықаралық тест нәтижелері біздің оқушылардың оқу сауаттылығы дағдылары жеткілікті деңгейде дамымағанын көрсетіп отыр. Әрине, 7 мың орта мектептің 3 миллионнан аса оқушысын кітап оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту ісінде мектеп кітапханашыларына қажетті жағдай жасау маңызды деп есептейміз. https://www.instagram.com/p/CLwSwyip3Sk/