Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
13.06.2021ж. Бүгін "Abai" телеарнасы "Сана" бағдарламасының шығармашылық ұжымының шақыруымен "Заманауи университеттердің негізгі даму бағыттары" тақырыбына арналған түсірілімге қатысты.

13.06.2021ж 

https://www.facebook.com/117940100059514/posts/309827714204084/

Сәлеметсіздер ме, Құрметті достар! Бүгін "Abai" телеарнасы "Сана" бағдарламасының шығармашылық ұжымының шақыруымен "Заманауи университеттердің негізгі даму бағыттары" тақырыбына арналған түсірілімге қатыстым.

Отандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу - білім ордаларының негізгі міндеті. Бұл ретте жаһандану заманында ЖОО негізгі критерийлері, жастардың бойында дамытуы керек деген негізгі дағдылар, университеттеріміздің бұл тұрғыда жүзеге асыратын жұмыстары, елімізде заманауи университет деп, яғни жаңа заманның талабына сай деп айта алатындай университтердің басты ерекшеліктері туралы,

ХХІ ғасырдың сұранысына жауап беретін заманауи университет құрудағы негізгі қадамдар, Еліміздегі білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру жұмыстары туралы ойларымызды ортаға салдық. Қазіргі уақытта біздің қоғам жаһандық процеске толық дайын мамандарды талап етеді. Жоғары оқу орындарында бәсекеге қабілетті маман дайындау үдерістері туралы талқылап, пікірлерімізбен бөлістік. Профессор және оқытушылардың академиялық еркіндігі және мәртебесіне сай құрмет көрсетуге арнайы көңіл бөлдік. Бағдарламаның "Интеллектуалды пікір алмасу" форматы ұнады. Жүргізушісі Молдияр Ергөбековтың ұстамдылығы және терең интеллектуалды болмысы бағдарламаны тартымды етуде. Аталған түсірілімде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті, Nur Otan партиясы жанындағы Білім және Ғылымды дамыту Республикалық Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Қарбозова Айнұр Бағдатқызы, Astana IT University ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор

Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки, Инновациялық Евразия Университетінің президенті, PhD доктор Ақерке Абылайханқызы Абылайханмен кездесіп, сарапшылық пікір алмастық.

Жоғары білім саласы экономиканы дамытуға ықпал ететін басты салалардың бірі. Осы ретте, бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Әлде де жасалатын жұмыстар бар.

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі, Қоғамдық Кеңес Төрайымы Жұлдыз Сүлейменова.