Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2021 жылғы 19 маусым күні Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан орта білім беру объектілерінің құрылысымен танысты.

19.06.2021ж.

https://www.facebook.com/117940100059514/posts/315440660309456/

2021 жылы ашылатын мектептердің құрылыс қарқыны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының бақылауында!

Откен сенбіде, яғни 19 маусым күні Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Тажмағамбетова Мақпал Мазаққызы, Кучинская Юлия Владимировна, Смышляева Екатерина Васильевна, Өмірғали Ерлік Қайдарұлы, Ахметбеков Жамбыл Аужанұлымен бірге Nur Otan партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрініс тапқан 200 орта мектептер, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан орта білім беру объектілерінің құрылысымен таныстық.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының 32 пунктінде 2021 жылы 200 мектеп салу жоспарланған (2025 жылға дейін – 800 мектеп). Жол картасының орындалуына жүйелі мониторинг жүргізу маңызды. Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Nur Otan» партиясы Фракциясы аталған Жол картасының орындалуына жүйелі мониторинг жүргізіп, аймақтық деңгейде алға қойылған міндеттердің тиімді жүзеге асырылуын қадағалайды.

Осы ретте, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановпен бірге 24 маусым күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының ұсынысымен мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан білім беру объетілерінің құрылысымен танысатын боламыз. Бұл ісшара да «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 32 пунктін орындауға қатысты. Себебі, бұл жолы жекеменшік және мемлекеттік және жекеменшік әріптестік арқылы салынып жатқан мектептердің құрылысын көрдік. Бұл да маңызды. Себебі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы салынып жатқан мектептер тегін негізде оқушыларға жоғары деңгейде сапалы білім беруді көздейді. Оған тең қолжетімділікті қарастыру қажет деген ойдамыз. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Лұқпанұлы бұл саладағы мәселелерді ортақ талқылауға салды.

Алдағы уақытта орта мектептерді салу нормативтеріне бірқатар өзгерістер енгізіледі. Ірі қалаларда орта білім беру объектілері бұрынғыдай 600, 1200 орындық емес оқушылардың орын тапшылығын шешу үшін 2000, 4000 орындық мектептер құрылысына жаңа стандарттар қабылданады.

Жалпы Елбасының тапсырмасын орындау Депутаттар бақылауында. Бұл құрылыс объектілерін Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттарының алғашқы аралауы емес. Бұған дейін сәуірдің 29 күні Nur Otan партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық отырысының қорытындысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінде Nur Otan партиясының фракциясының мүшелері, депутаттар Бердалин Аманғали Бисенбайұлы, Үйсімбаев Асқарбек Съезбекұлы, Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлы, Мұсабаев Самат Базарбайұлы, Ким Вера Александровна, Смышляева Екатерина Васильевна, Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы және Nur Otan партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық Кеңес мүшелері Мұқашева Айгүл Мақсатқызы, Киікова Гауһар, Айтмаханбет Мақсұтбек Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар орта мектептерді аралап, құрылыс сапасымен танысқандығы баршамызға белгілі.

24 маусымдағы білім беру объектілерімен танысқаннан кейін толыққанды ақпарат беретін боламыз!

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы.