Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Парламент Мәжілісінің депутаты Ж. Сүлейменова аймақтарға сапары барысында Алматы қаласы «Жас маман» жобасы аясында жабдықталған, колледж қабырғасында орналасқан зертханалар жұмысымен танысты.

Нұр-Сұлтан, 24 тамыз. Мәжіліс үйі. Елімізде екінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 100 сұранысқа ие мамандықтар бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғырту, сондай-ақ білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында әзірленген «Жас маман» жобасы іске асырылуда. Аталған жоба аясында Алматы қаласында 8 колледжде жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылуда. Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Білім және ғылымды дамыту жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің төрайымы Жұлдыз Сүлейменова аймақтарға сапары барысында қаладағы Алматы мемлекеттік политехникалық, Алматы құрылыс-техникалық және Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледждерін аралады. «Жас маман» жобасы аясында жабдықталған, колледж қабырғасында орналасқан зертханалар жұмысымен танысты. Атап айтар болсақ, «Festo», «Графикалық дизайн», «Web әзірлеу», «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу», «Прототиптеу», «CAD инженерлік графикасы» құрылғылары бар зертханалар жұмысы мен ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалануға арналған құрылғылардың жұмыс істеу механизмі көрсетілді. Сондай-ақ, кездесуде жатақхана мәселесі, дуалды оқыту жүйесі, жас мамандардың жұмысқа орналасуы т.б. бірқатар мәселелер бойынша сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты оқу орнының ғылыми-өндірістік қызметіне қолдау білдіре келіп, колледж ұжымының алдағы жұмыстарына табыс тіледі. (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

_________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі
Ақпарат көзі: https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id48868/1/1
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі