Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
09.09.21ж Түркістан облысы. БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4515850465127280&id=100001071131503

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Жиынға Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы, Парламент Мәжілісінің депутаты Ж.Сүлейменова қатысып, төрағалық етті. Жаңа оқу жылындағы атқарылған жұмыстармен қатар, білім саласындағы өзекті проблемалар, «Nur Otan» партиясының Жол картасы аясында іске қосылатын мектептердің құрылыс барысы қозғалды.

Мәжілісте «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев өңірде фракция мүшелері білім саласындағы өзекті проблемаларды бақылауда ұстап отырғанын, жалпы білім саласына мемлекет тарапынан қамқорлық жасалып жатқанын жеткізді.

Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаевтың айтуынша, облыстағы 937 мектепте 528 740 оқушы білім алып жатыр. 2021-2022 оқу жылына 51427 бала бірінші сыныпқа қабылданған.
«Барлық оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы ерекше назарға алынып, қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, облыстағы барлық білім мекемелерінде (мемлекеттік, жекеменшік) «Ashyq» бағдарламасы орнатылды», – деген Р.Жолаев өңірде үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешу бағытында жұмыс жүріп жатқанын атап өтті. Сонымен бірге колледждердегі мемлекеттік тапсырыс көлемі 2 есеге азайғанын, бұл талай жастың тегін білімнен қағылуына апарып соққанын жеткізіп, халық қалаулысына бірқатар ұсыныс айтты.

Күн тәртібінде Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан 78 мектептің құрылысы және жаңа оқу жылында құрылысы аяқталмай қалған 6 мектеп негізгі мәселе ретінде талқыланды. Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Егентай Тәжібаев 2021 жылы өңірдегі 78 мектептің құрылысына 18,9 млрд. теңге қаралғанын, биыл 44 білім нысанын ел игілігіне беру жоспарланғанын жеткізді.