Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
27.10.21ж. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірінші оқылымда талқыланып, мақұлданды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4665224123523246&id=100001071131503

Нұр-Сұлтан қаласы. Мәжіліс үйі.

Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірінші оқылымда талқыланып, мақұлданды.

Сонымен қатар, осы Заң жобасы аясында келесі ілеспе Заң жобалары: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселері бойынша толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарының Жобалары талқыланып, мақұлданды.

"Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өңірлердегі өкілінің мәртебесін, лауазымға сайлау тәртібін, қағидаттары мен кепілдіктерін, сонымен қатар оның өкілеттіліктерін реттейтін негізгі ережелерді айқындау арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Баршамызға белгілі, Мемлекет басшысының 2002 жылғы 19 қыркүйектегі №947 Жарлығымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы белгілен болатын. Оның құзыретіне арыз беруші өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін пайдаланатын әдіс-тәсілдер мен құралдарды түсіндіру, сонымен қатар шағымдарды тиісті органдарға жолдау кіреді.

2017 жылы Конституциялық реформа нәтижесінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты еліміздің Негізгі Заңы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабында көрініс тапты. Уәкіл лауазымына 5 жыл мерзімге сайлау Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының құзырында.

Уәкіл лауазымына 5 жыл мерзімге сайлау Адам құқықтарын қорғаумен айналысатын ұлттық мекемелердің мәртебесі қағидатына (Париждік принциптер), Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын қорғау және нығайту қағидатына ("Венеция принциптері") негізделген. Мүдделер қақтығысына жол бермеу мақсатында ол қызмет кезеңінде негізгі саяси қызметпен айналыса алмайды, мемлекеттік қызметке тағайындалмайды, оқытушылық не өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен айналыса алмайды.

Аталған Заң жобасында өңірдегі Уәкіл өкілінің мәртебесі мен қызметі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың негізгі функциялары бекітіледі, қаржыландыру көздері айқындалады.

Бүгінгі Заң жобасының пленарлық отырыстағы талқылауына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Шәкіров Асқар Оразалыұлы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Төкиев Аслан Сұлтанұлы, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Дембаев Болат Бекназарұлы қатысты.

Бүгінгі Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы: "Бұл еліміз үшін өте маңызды, өте қажетті құжаттардың бірі. Осы енгізілген өзгерістердің нәтижесінде омбудсменнің қызметін, өкілдігін, жалпы адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын нығайтуға нақты қадам жасалып отыр. Бұл мемлекет және азаматтық қоғам арасындағы байланысты одан әрі тереңдетуге жаңа жол ашатыны сөзсіз, - деді.

Заң жобасының таныстырылымында болғанымды бұған дейін де жариялаған едім. Аталған тақырыпқа байланысты басқа да материалдармен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтынан таныса аласыздар.