Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Nur Otan партиясының жанынан Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық Кеңесінің бесінші отырысында Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің еліміздегі даму песпективалары талқыланды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4665381973507461&id=100001071131503

Nur Otan партиясының жанынан Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық Кеңесінің бесінші отырысында Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің еліміздегі даму песпективалары талқыланды.

Отырысқа Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым бірінші вице-министрі Каринова Шолпан Танатқызы, «Талап» комерциялық емес акционерлік қоғам Президенті, мемлекет және қоғам қайреткері Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Депутаттары Смирнова Ирина Владимировна, Телпекбаева Жанна Тілеубекқызы, Смышляева Екатерина Васильевна, Закиева Динара Болатовна, Ким Вера Александровна, Абсеметова Алия Маратқызы, «Ұлттық Ұстаз» онлайн-платформасының жетекшісі, профессор Қорғанбаева Гүлмира Аманжолқызы, Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ткаченко Владимир Сергеевич, Nur Otan партиясы жанындағы Білім және ғылымды дамыту жөніндегі Республикалық қоғамдық Кеңестің мүшелері, Алматы мемлекеттік Энергетика және электрнды технологиялар колледжінің директоры Тайтөлеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» Президенті Арғандықов Дәулет Рашитұлы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төрағасының орынбасары Ордабаев Олжас Темірбекұлы және өңірлердегі Nur Otan партиясы жанындағы Білім және Ғылымды дамыту Қоғамдық Кеңесінің облыстық деңгейдегі төрағалары, орынбасарлары қатысты.

Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жөніндегі бірқатар бастамаларға жүйелі түрде заң жүзінде және қаржылай қолдау көрсетіліп келеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырылды. Nur Otan партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасында Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға бағытталған пунктер қамтылған. Мысалы, Барлық жастар үшін қажетті мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету және«Жас маман» жобасы шеңберінде 180 колледждің материалды-техникалық базасын жаңарту. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» 2025 жылға қарай барлық тілек білдірушілерді ақысыз Техникалық және кәсіптік білім берумен қамту 100%-ға жету қарастырылған.

Nur Otan партиясының жанынан Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық Кеңесі Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің еліміздегі даму песпективалары туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне ұсыныстар жолданды.