Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
facebook желісі

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4011361358965501&id=100002750285893

Бүгін "Мектебіңе кітап сыйла" апталық акциясын қорытындылайық деп жатсам, осы акциямызға мәжіліс депутаты, экс-әріптесім Жұлдыз Сүлейменова ханым балаларға тамаша кітап базарлығын алып келіпті. Осындай акция боп жатқанын көріп, атсалысып жатқанына мың алғыс!

Акциямыздың қорытынды әдеби-сазды кешіне қатысып, педагогтермен, мектептің менеджмент бөлімімен бір сағаттан аса сұхбаттасып кетті.

Жұлдыз ханым өзі кәсіби педагог, мектепте істеген ұстаз болғасын, күні кеше ғана мектептен парламентке тіке барғасын да әңгімеміз жараса кетеді.

Баяғыда Назарбаев зияткерлік мектептері акционерлік қоғамында жүргеннен бүгінге дейін бұл саланың өзекті мәселелерін үнемі талқылап, пікірлесіп отырамыз.

Ол кісі Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептерді аралауды біздің мектептен бастапты. Құп көрдік, біраз түйткілді мәселелер туралы ашық пікірлестік.

Оқушылармен, ұстаздармен сөйлескісі келетін әр адамға есігіміз ашық, пікір-ойларымыз да ашық.