Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
"Басты тақырып" бағдарламасы

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4749152548463736&id=100001071131503

📚Білім саласына қатысты көтерілген мәселелерді Atameken business channel шығармашылық ұжымы үнемі талқылауға шақырады. Жалпы бірнеше мәрте депутаттық сауалымызға байланысты тікелей эфирде осы каналдың журналистерінің терең, жан-жақты қамтылған сұрақтарына жауап беру мүмкіндігіне ие болдым. "Басты тақырып" бағдарламасының жүргізушісі, аналитик-журналист Мейрамгүл Мәдәлі Mira Madali әр шақырған бағдарламасына асқан жоғары дайындықпен келеді. Оны кәсіби деңгейдегі сұрақтарынан көруге болады.

Өткен аптада, университеттер туралы Қанат Ильяұлы Нұровтың депутаттық сауалы жарияланды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жоғары оқу орындарын дамытуға байланысты берілген тапсырмалары Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған Жол картасында көрініс тапқан.

Аталған депутаттық сауалға Nur Otan партиясы жанындағы Білім және Ғылымды дамыту жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес отырысында Кеңес мүшелері, білім эксперттері Қорғанбаева Гүлмира Аманжолқызы және Кусманов Әділдің жоғары білімді эксперттік зерделеуі негіз болды.

Сонымен қатар, Қанат Ильяұлы Нұров Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Қоғамдық Сенім Кеңесінің мүшесі ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы Ұлттық Қоғамдық Сенім Кеңесінде жоғары оқу орындарын 3 лигаға бөлу тапсырмасын жүзеге асыру механизмдерін, критерийлерін қарастыруға арналды.

Университеттердің алдында келешегін болжап білу қиын, өзгермелі уақытта тұлғаның табиғаты мен болмысын қалыптастыруда, студенттің өмірден өз жолын табуды үйретуде жауапкершілігі жоғары күрделі міндет тұр. Сондықтан болар, бұл салада құрылымдық сұрақтарға байланысты ғаламдық динамикаға әсер ететін кең құлаш инновациялар жиі бола бермейді. Мамандардың топшылауынша, соңғы мың жылда білім беру саласында ірі деуге тұратын 4 жаңалық болды. Соның 2-і университеттермен тікелей байланысты:

📖Біріншісі, X-XII ғасырларда құрылып, адамзат жинаған білім қорын жүйелеумен және таратумен айналысқан Европалық университеттердің пайда болуы;

📜Одан бөлек, XIX ғасырда Гумбольттың үлгісі бойынша зерттеу университеттерінің пайда болуы.

Бұл жаңалықтар ғылыми жүйе мен ғалымдар ортасының дамуына зор ықпал етті.

Депутаттық сауалда көтерілген мәселе Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан қолдау тауып, жүзеге асыруға бағытталған концептуалды ұсыныс ретінде қабылданатынына сенеміз.

Әрине, біздің ұсынған тұжырым өте шартты. Көп мамандар университеттерді мүлде басқаша топтастыруы мүмкін.

Дегенмен де, дәл қазір университеттерде білім беру ортасын, білім мазмұнын айтарлықтай өзгертуі қажеттігін мамандар бірауыздан қолдайды деген ойдамын. Сонымен қатар, еңбек нарығында мамандардың сапасына жауапкершілікті міндеттейтін механизм ойластыру қажет.

Құрметпен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменова Жұлдыз.