Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Құрметті достар! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4777905618921762&id=100001071131503

Құрметті достар!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

1 желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихында айтулы күн. Халқымыз дәл осы күні 30 жыл бұрын тарихи таңдауын жасап, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентін сайлады.
Міне, осы жылдар аясында еліміз толыққанды өркендеудің өзіндік өнегелі жолын көрсетті.

Қуатты ел, бірлігі бекем қоғам құрылды. Жаңа Елорда бой көтерді. Түркі дүниесінің киелі бесігі Түркістан жаңаша түрленді. Халықаралық қауымдастық мойындады. Ең бастысы, Жастарымыздың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашылды.

Тарих үшін қас-қағым сәтте Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайсарлығы, табандылығы, зор еңбегі, парасат-пайымы, көшбасшылық көрегендігі және халқына сүйіспеншілігі елімізді үлкен белестерге көтерді.

Еліміз алдағы уақытта егемендігімізді нығайтудың жаңа кезеңіне қадам басады.
Талай қиын кезеңдерді қайсарлықпен өткеру үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасымыз жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын "Елдіктің жеті тұғыры" атты қағидаттар жиынтығын ұсынды.

Баршамызға мереке құтты болсын! Егемен Қазақ Елі мәңгі жасай берсін!

Елімізге, Елбасымызға амандық тілеймін! Әрбір шаңырақтың береке-ырысы еселене берсін