Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
facebook желісі

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=5229058100473176&id=100001071131503

☑️Бопай ханым туралы баршамыз тарихтан жақсы білеміз. Ұлтымыздың анасы, халқымыздың тірегі болған, дана саясаткер әйел.

☑️Сенбі күні Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
"Бопай Ханым" шығармасының авторы, жазушы, драматург Roza Mukanova Мұқанова Роза апайымыздың арнайы шақыруымен Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында "Бопай ханым" қойылымын тамашаладым.

☑️Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы осы қойылымға баласын және немересін ертіп келген екен.

☑️Сенатор осындай тарихи мағыналы дүниелер арқылы ұрпағына тәлім-тәрбие берудің, ұлттық құндылықтарды балаларға насихаттаудың үлгісін көрсетті.

☑️Қойылым тарихи күрделі кезеңді, қазіргі тілмен айтқанда аумалы-төкпелі кезеңді сипаттайды. Драмматургтың асқан шеберлігі күрделі тарихи кезеңдегі оқиғаларды, сол кезеңдегі билер, батырлар, саясаткерлер мен Бопай ханымның дипломатиялық, қайраткерлік мінез-құлқын тарихи шынайы оқиғалар желісінде баяндауы, монолог және диалогтардың ұтымды әрі артық сөзсіз беруі тәнті етті.

☑️Ел бірлігі, ұлдарының татулығы, дүниетанымдық философиядағы құт, бақыт, бірлік, батырлық, татулық идеологемаларының астарлап халық даналығы тұрғысынан жеткізілуі де ұнады.

☑️Қойылымда Бопай ханымның қайраткерлік тұлғасы, табандылығы, өнегелік өсиеттері жақсы өрнектелген.

☑️Мұндай тарихи туындылар көптеп жазылуы қажет. Сөздің қадірін түсінетін, тарихи туындыларға қалам тербеп жүрген Роза апайымыз секілді жазушыларымызға арнайы гранттар бөліп, осындай сүбелі дүниелерді қойылым ретінде сахналауға ден қойылуы қажет. Және де "Бопай ханым" қойылымы барлық өңірлеріндегі театрлардың репертуарында енгізіліп сахналануы керек деп ойлаймын.