Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
facebook желісі

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=5228660953846224&id=100001071131503

☑️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа өткен аптада қол қойғандығы баршамызға мәлім. Бұл жаңашылдықты қоғам өте жақсы қабылдады. Баршамызға белігілі өте жақсы инициативалар, бастамалар идея күйінде тым жақсы, ал іске асыруға келгенде бюрократиялық процестерден бастапқыда жүзеге асырылатын идеяның өзектілігі маңызды болмай қалуда.

☑️Президент Жарлығының негізгі мәні цифрландыру арқылы ашықтық қағидатын, қабылданған шешімдерді жүзеге асыруда басшылықтың жауапкершілік алуы, кез-келген бизнес процестерді үнемі жетілдіру арқылы жылдар бойы қатып қалған ескі жұмыс стилінен арылып, уақыт талабына сәйкес икемделу, регламенттің қол жетімділігі және оңтайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

☑️Жарлықтағы жүйелі, қолданбалы кешенді шаралар мемлекеттік аппараттың шешімдерді қабылдауын жылдамдатады, мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың дербестігі мен жеке жауапкершілігін арттырады, атқарушы биліктің қызметін заңнамалық тұрғыдан артық регламенттеуді болдырмайды, құжат айналымы мен есеп берушілікті қысқартады.

☑️Түптеп келгенде, қабылданған бұл шаралардың барлығы мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын реформалардың нәтижелілігін және мақсатты тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл орайда, мемлекеттік басқарудың барлық саласын цифрлық трансформациялау өзекті саналады. 📶Өзіме ұнаған тұстары және негізгі новеллалар ретінде келесі пунктерді айтар едім:

🆗❕Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу кезінде Премьер-Министр немесе оның орынбасарлары деңгейінде мәселенің мәніне байланысты нақты шешімдер қабылдау кезінде мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер бес жұмыс күні ішінде қаралуы міндетті.

🆗❕Премьер-Министр Кеңсесінде құжаттарды қарау мерзімдерін екі есеге қысқарту.

🆗❕Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы құжаттарға қол қоюы, ведомствоаралық кеңестерге қатысу және онда мемлекеттік органның ұстанымын білдіру құқығын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің жекелеген басшыларына беру мүмкіндігі.

🆗❕2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін кеңсе қағазына және онымен байланысты тауарларға арналған бюджет шығыстарын үш есеге қысқартуды қамтамасыз ету, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың жұмысы тиімділігінің көрсеткіштері ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық даму жоспарының Стратегиялық көрсеткіштер картасында бекітілген декомпозицияланған индикаторларды пайдалана отырып, олардың Президент Әкімшілігімен және Үкіметпен жасалатын меморандумдарының институтын, сондай-ақ Премьер-Министр мен Президент арасында меморандумдар жасасу практикасын жою.

🆗❕2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, «E-қызмет» ақпараттық жүйесінің базасында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толықтай цифрландыру, сондай-ақ оны барлық мемлекеттік органдарда енгізу және кеңінен таратуды қамтамасыз ету.

🆗❕2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік аппараттың бір құжат жобасымен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі беріле отырып, қызметтік хат-хабардың өтуін оңтайландыру, тапсырмалардың қосарлануын болдырмау, бірыңғай орталықтандырылған бұлтты құжат айналымына көшуді қамтамасыз ету.

🆗❕2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттардың электрондық форматқа көшірілуін қамтамасыз ету.

🆗❕2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін «E-заңнама» ақпараттық жүйесінің заң шығару процесі модулінің өнеркәсіптік пайдалануға енгізілуін қамтамасыз ету.

🆗❕2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін Орталық мемлекеттік органдардың бірыңғай бухгалтерлік есепке алу ақпараттық жүйесінің енгізілуін қамтамасыз ету.

🆗❕2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін күнтізбелік жыл ішінде «E-Otinish» жүйесін жеке және заңды тұлғалар жолданымдарының барлық түрлерін қабылдау үшін «бір терезе» ретінде институцияландыруды қамтамасыз ету.

#AMANAT