Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Бүгін AMANAT партиясы жанындағы көпфункционалды баспасөз орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Альберт Рау , Екатерина Смышляева , Оспанов Берік Серікұлы журналистермен алғашқы брифинг өткіздік.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=5235626133149706&id=100001071131503

Құрметті достар!

☑️AMANAT партиясы жанында партияның жұмысын трансформациялауға бағытталған "Ашық партия" тұжырымдамасына сәйкес көпфункционалды баспасөз орталығы іске қосылғандығына бірер күн ғана болған еді. Міне, Бүгін AMANAT партиясы жанындағы көпфункционалды баспасөз орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, AMANAT партиясы фракциясының төралқа мүшелері Альберт Рау , Екатерина Смышляева , Оспанов Берік Серікұлы журналистермен алғашқы брифинг өткіздік. Брифинг өңірлердегі іссапарымыз және сайлаушылардың өтініштерін орындауға байланысты Үкіметпен жұмыс нәтижесіне арналды.

☑️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайлаушылармен тұрақты түрде кездесіп, өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге атсалысуын күшейту керек екендігін міндеттеген болатын.

☑️Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикачсы Парламенті Мәжілісінің спикері, AMANAT партиясы фракциясының төрағасы Қошанов Ерлан Жаханұлының бастамасымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары ақпан айының 17-26 аралығында өңірлерді аралап, сайлаушылармен кездесулер өткізді. Кездесулер шалғай ауылдардағы тұрмысы нашар көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары, Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен бизнес өкілдері, әлеуметтік саланың мамандары, зейнеткерлер және т.б. азаматтармен кездесулерді қамтыды.

☑️Өңірлерге сапарлар барысында көтерілген 2 мыңға жуық сұрақты «AMANAT» партиясында жан-жақты талданды. Осы көтерілген сұрақтарды жүйелі шешу үшін Үкіметке жолдап, Үкімет мүшелері, вице-премьер Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде көтерілген мәселелерді Үкімет тарапынан жан-жақты сараптап, жасалатын, шешілетін мәселелерге байланысты есебі тыңдалды. Жұмыстың бұл форматы қоғам тарапынан көтеріліп отырған көптеген мәселелерді тиімді және уақытылы шешуді көздейді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауда ұсынған саяси реформаларды жүзеге асыру арқылы – елдің саяси жүйесіне оң өзгерістер енгізудің нақты қадамы.
Үкіметтің халықтың көтерген сұрақтарына берген жауаптарын жинақтайтын болсақ, көтерілген сұрақтардың негізгі блогы нақты табысты арттыруға, азаматтар кірісін көтеруге бағытталған. Әлеуметтік саладағы өзекті мәселелердің бірі – аз қамтылған отбасылардың жағдайы. Біз күнкөріс деңгейі кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту қызметімен қамтамасыз ету мақсатында 2021 – 2023 жылдары республикалық бюджет есебінен 12 оңалту орталығын салу жоспарланған, оның 5-еуінің құрылысы былтыр басталды. Сондай-ақ «Қамқорлық» жобасы аясында аутизммен сырқаттанатын және басқа да психикалық ауытқулары бар балаларға арналған 8 күндізгі орталық ашу жоспарлануда. Осындай 17 орталық былтыр ашылып, қолданысқа берілді.

☑️2022 жылы тапшы мамандықтар бойынша гранттар саны ұлғайтылды және медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру көзделіп отыр.

☑️Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2025 жылға дейін 1 мың мектеп салынады. Бұл үш ауысымды және апатты мектептер проблемасын шешуге және демографиялық өсімнен туындайтын оқушы орындарына тапшылықты жоюға бағытталған.

☑️2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде білім алу 100 пайыз тегін болады.

☑️Жоғары оқу орындарына берілетін гранттар саны 75 мыңға өседі.

☑️Алғаш рет жоғары оқу орындарында студенттердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесетін 100-ден аса карьералық орталық құрылады.

☑️«Жаңа Қазақстанның күн тәртібі – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс тапшылығын жою, жұмыс орындарын құру және инфляцияны тежеу» деген Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, азаматтардың өтініш-тілектерін мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы билік органдарының тарапынан уақтылы шешілуін қадағалау халық қалаулыларының жұмысының әрдайым басым бағыты болып қала береді.

☑️AMANAT партиясының тікелей бастамасымен азаматтардың көтерген сұрақтары бойынша нақты шешімдерді қабылдауда, оны елге жеткізуде осындай баспасөз брифингтері арқылы журналистермен тығыз қарым-қатынастағы жұмысымызды

алдағы уақытта да жалғастырамыз.

#AMANAT