Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
facebook желісі

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=5236758723036447&id=100001071131503

Бүгін, 21 сәуірде таңертең Павлодар қаласындағы Торайғыров көшесі, 24 мекенжайындағы 28 жалпы орта білім беретін мектептің ғимаратында өрт шыққандығын бұқаралық ақпарат құралдарынан көрдік. Кейбір таратылған видеолардағы балалардың өрт сөндіргіш құралдарын қолдана алмай, әлек болып, әбігерге түскен видеолары көпшілігімізді алаңдатты.

⭕Білім беру ұйымдарында оқушылар мен мектеп ұжымының өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтау өзекті.

⭕Оқушыларды дер кезінде аман сақтап үлгерген мұғалімдерге алғыс айтамын. Шүкір, Балаларымыз аман. Ауруханаға түскен мұғалімнің жағдайы жақсы екендігі туралы облыс әкімінің орынбасары ҚұрмановаАйзада Амангелдіқызынан Айзада Курманова сұратып білдім. Тезірек сауығуына тілектеспін. Өртті ауыздықтауға атсалысқан барлық азаматтарға алғыс айтамын.

⭕https://baq.kz/pavlodardagy-mekteptegi-ort-sondirildi_276405/ ақпаратына сүйенсек, отқа оранған мектептер «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен. Өрт қауіпсіздігі бойынша жекеменшік компаниялардың тексеруінен өткен. Жалпы, Облыс басшылығы оқиға болған орынға барып, алдағы уақытта өрттің шығу себебін анықтап, болашақта мұндай балалардың, ұстаздардың өміріне қауіп төндіретін олқылықтарға жол бермейді деп сенемін. Өрт қауіпсіздігі туралы тексерістен техникалық актісін берген және күрделі жөндеу өткізген компаниядлардың жауапкершілігін қарау қажет.

⭕Бұдан бөлек мектептердің электр жүйелеріне көңіл бөлу, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндік кабинеттерінде өртке қарсы режимнің қатаң сақталуын қамтамасыз ету өзекті.

⭕Химиялық-физикалық зертханаларда тиісті өрт сөндіргіштер болуы керек. Мұндай зертханалардың өрт қауіпсіздігіне құзыретті адамдар жауапты болуы керек. Өрт қауіпсіздігін сақтауға арналған ұстаздар, техникалық қызметкерлер және оқушыларға өрт қауіпсіздігіне арналған оқыту семинарларын, біліктілік курстарын ұйымдастырылуы керек. Химиялық зертханаларды да өрт қауіпсіздігіне тексеруді қолға алуы қажет.

⭕Қазіргі таңда, оқу процесін ұйымдастырғанда ең басты мәселе қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы билік органы, әкімдік, өрт сөндіру қызметі, білім басқармасы, мектептер басшылығы ұжымның, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін үнемі естен шығармау керек.

#AMANAT