Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
dalanews.kz

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=5238036419575344&id=100001071131503

«AMANAT» фракциясының депутаттары өңірлерде 1200-ден астам кездесу өткізген

Парламенттің заң шығару қызметін түсіндіру бойынша өңірлердегі көшпелі жұмыс аясында депутаттар – «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшелері 766 елді мекенде болып, 1 200-ден астам кездесу өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы «AMANAT» партиясының жаңа баспасөз орталығында өткен баспасөз маслихатында халық қалаулылары Альберт Рау, Жұлдыз Сүлейменова, Екатерина Смышляева және Берік Оспанов айтты.

Бізге оқулықтардың авторлары, мектеп ұжымдары мен ата-аналар мектептердегі оқу әдебиетінің сапасына қатысты өтініш жасады. Таңдау мүмкіндігі туралы айтылғанымен, бірақ заңнамалық тетік болмады. Депутаттар тиісті заңға түзетулер енгізді, ол қазір Сенаттың қарауында, – деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ ауыл тұрғындары депутаттарға ауыз су мәселесіне қатысты да сұрақтар қойды. «Әрбір ауылға барып, талдау жүргіздік. Фракция депутаттарының ұсыныстарына сәйкес, сумен жабдықтау нысандарының тізбесіне министрлік 82 жаңа жобаны қосты» деді Альберт Рау.

Барлық сұрақтар арнайы талдау хатқа жинақталып, Үкіметке жіберілді. 6 сәуірдегі жалпы отырыс барысында вице-премьер Ералы Тоғжанов проблемалардың бір бөлігін қарау қорытындылары бойынша есеп берді. Жалпы отырыс барысында қаралмаған барлық мәселелер бойынша Үкіметпен жұмыс жалғасуда.

#AMANAT