Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Регион


07.08.23ж

https://m.facebook.com/story.php?&&
--
Құрметті достар!

Шілде айында өңірлерді араладым,
биыл да жылдағыдай алыс шалғай ауылдарға барып, құрылысы басталғанымен әлі аяқталмаған әлеуметтік нысандарға, оның ішінде мектептерге арнайы көңіл бөлдім.

Абыз ақсақалдарымызбен, қайраткер қоғам белсенділері, қайсар мемлекеттік қызметшілермен, жанашыр партияластармен елдің батысындағы Ақтөбе облысы, шығысындағы Абай облысы, орталығындағы Ұлытау облысында кездесіп, ұлттық болмысымыз, әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дүниелердің дамуына қайтсек жақсы өзгерістер жасай аламыз деген сұрақтардың аясында пікір алмастық, ұсыныстарды Үкіметке Депутаттық сауал ретінде ресми жолдауға дайындап жатырмын.

Халықпен кездескенімізді әлеуметтік желілерде жарияладық. Баспасөз беттерінде, газет тілшілері де хабарласып, сұхбаттар жасадық.

Сілтемелері:

https://rus.azattyq-ruhy.kz/news/52405-zhuldyz-suleimenova-stroitelstvo-shkoly-nelzia-ostavliat-na-polputi/amp

https://azattyq-ruhy.kz/society/57869-zhuldyz-suleimenova-mektep-ku-rylysyn-zharym-zhartylai-kaldyruga-bolmaidy

https://turkystan.kz/article/227513-2018-zhyly-bastalgan-mektep-kurylysy-eli-ayaktalgan-zhok-amanat/

https://aikyn.kz/252775/amanat--ak-tobelikter--sak-aldy--k-u-rylystyn--zardabyn-tartyp-otyr/amp

https://liter.kz/spetsialnuiu-komissiiu-po-nedostroennym-shkolam-predlozhili-sozdat-v-amanat-1689058931/

https://baq.kz/aqtobede-2018-zhyly-bastalgan-mektep-qurylysy-ali-ayaqtalmagan-suleymenova-309003/

https://el.kz/aqtobede-2018-zhyly-bastalgan-mektep-qurylysy-ali-ayaqtalmagan_81805/

Бүгін Ақтөбе облысындағы Эмбі-Жұрын-Ақкемер-Алға сапары туралы бөлісемін.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласында Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде салынып жатқан бала-бақша құрылысымен таныстық. Жеке кәсіпкер Ешбаев Мақсат аталған әлеуметтік нысанды жаңадан бастап салған. Барлық санитарлық нормаларға сай, заманауи. 2023 жылдың 1 қыркүйегінде эксплуатацияға енгізілуі жоспарланған. Бала-бақша 120 орындық, Ембі қаласы Ғ.Жанесов көшесінде орналасқан.

Келесі кездесу Ақкемер ауылында өтті. Ақкемер "Ауыл - ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасындағы тірек ауыл. Жаңадан салынған дәрігерлік амбулатория жұмысымен таныстық. Амбулатория 2023 жылы пайдалануға берілген. Бас дәрігері Бөпелек Звира Айдарбайқызымен 13 медициналық қызметкерлер ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Бастапқы анализдер лабораториясы да бар. Біз Звира Айдарбайқызына УЗИ диагностикасын меңгеруге ұсыныс білдірдік. Ауыл тұрғындары Ауылда отырып, ішкі органдарының ультрадыбыстық зерттеуін жасауына, уақыт және қаражат үнемдеуіне мүмкіндік болар еді. Жалпы ауылдағы бас дәрігерлерді УЗИ диагностикасынан біліктілігін арттыру бағдарламасын жүзеге асыру өзекті деп ойлаймын.

Одан кейін, Ақкемер ауылдық Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге 70 астам адам қатысты. Мәдениет үйі 2022 жылы күрделі жөндеуден өткен, 8 адам штатта қызмет етеді. Мұндай күрделі жөндеуден өткен, толық жабдықталған ауылдағы мәдениет үйлерінің жанынан кітапхана ашу және оқушыларға үйірме жұмыстарын жандандырған абзал. Сонда ауыл балалары үшін қосымша білім алуына мүмкіндік болады. Ауыл мен қала балалары арасындағы алшақтық мейлінше азаюына нақты тетік.

Алға қаласындағы жүргізіліп жатқан 450 орындық мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын көрдік. Былтыр басталған күрделі жөндеу жұмыстары осы жылдың тамыз айында аяқталуы жоспарланған. Күрделі жөндеу жүргізілген кезде жұмыс сапасына, жабдықтарға қоғамдық бақылау жүргізу керек екеніне тағы да көз жеткіздім.

Ақтөбе сапарында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Галымжан Елеуов , Әлішев Қазыбек Құрманғалиұлына, партияластарымыз AMANAT партиясы Ақтөбе облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов , партия инспекторы Асель Серікқызына ризашылығымды білдіремін.

#AMANAT2023