Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
facebook

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid058eSbfBrpHNAuNsvcRp4r39mnwKkreXCAiPCQRxvPhyBqJ9supKR36g5g5gjGBd4l&id=100001071131503&mibextid=Nif5oz

16.11.23ж

https://m.facebook.com/story.php?&&
--
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын орнату қоғамның идеологиялық және саяси мәдениетіне айналуы қажеттігіне тоқталды.

Президент: «Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел», – деп қадап айтты. Барлық азаматтар заң алдында тең. Осы конституциялық қағидатты сақтау - әділетті мемлекет құрудың негізі.
Заңды орындау – әділеттіліктің негізі. Әділетті қоғамда ЗАҢ – теңдік және тәртіптің негізі. Құқықтық мемлекеттің басты пастулаттарының бірі - Заң үстемдігі және Тәртіп. Бұл туралы Президент тағы да еске салды.

Әрине, құқықтық сауаттылықты, құқтық мәдениетті оның ішінде адамның қадір-қасиетін құрметтейтін қоғамдық сананы қалыптастыру және жастардың арасында құндылыққа негізделген білім беру, тәрбие беру, моральдық ұстанымын бекіту, бұзақылыққа қарсы, заң үстемдігіне бойұсыну сияқты түсінік болуы керек. Мұның бәрі кешенді түрде жасалатын жұмыс.

Заңдылық пен тәртіп қағидатын орнықтыру ісі балаларға қарсы қылмыс, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуден бастау алады.

Заңды қатаңдату және қатаңдатылған заңның орындалуын қадағалау өзекті. Сондықтан бұл мәселе – тағдырлы мәселе. Қазақ қыздарының мәселесі, қазақ қызының ауыр тағдыры, қазақ әйелінің ауыр жағдайы. Мен Алаш зиялыларының қазақ әйелінің ауыр тағдырын шешуге ұмтылған өсиетіне көңіл бөлуіміз және мектептен бастап қыздарымызды ағартушылыққа, білімге үндеуіміз қажет.

Біз ұсынған заңға қатысты пікірталас көп болады деп ойлаймын. Үкімет мүшелерінің арасында, қоғамда әртүрлі пікірлер, әртүрлі позициялар болуы мүмкін. Бірақ біз осыдан 100 жыл бұрын Алаш саяси элитасы да осы проблемаларға көңіл аударғанын ұмытпағанымыз жөн. Бұл – бүгінгі ер азаматтарымызға, әйелдерімізге тарихи тұрғыдан сабақ. Екінші мәселе – бүгінгі билік басындағы үкімет мүшелері де өздерінің позициясын білдіру арқылы азаматтық өресін танытады деген ойдамыз. Бұл мәселеде ешкім бейжай қалмауы керек.

#DeputatAMANAT