Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
facebook, instagram

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02N6QjS4wY8v6fBfasPDWyLPWbvkLdB5d2Tic8rZTSrPvW1QrT7XznNV9X4hvLeTDYl&id=100001071131503&mibextid=Nif5oz https://www.instagram.com/p/Cz2uFALIMux/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng

Құрметті достар!

Былтыр дәл осы күні Президент сайлауы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауқымды әрі кешенді «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталатын

сайлауалды бағдарлама ұсынды.

Сайлауалды бағдарламада  әділетті әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың заңнамалық тетіктерін бекітуді, әлеуметтік саясаттың басты басымдығы ретінде АДАМ КАПИТАЛЫН қалыптастырып, дамытуды ұсынды. Оны еліміздің креативті экономикасын өркендетудің негізгі факторы ретінде айқындады.

Геосаяси және геоэкономикалық күрделі жағдайға қарамастан Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында алға қойылған алып мақсаттар рет-ретімен, кезең-кезеңімен нәтижелі орындалып келеді.

Сайлауалды бағдарламада Адам капиталын дамыту экономикамыздың негізгі басымдықтарына сәйкес әлеуметтік саясаттың басты міндеті. Әлеуметтік саясат экономикалық өсімсіз мүмкін емес. Дегенмен, адами капиталды арттырмай, экономикалық өсуге қол жеткізу мүмкін емес. Осылайша, адами капиталды дамыту экономикалық саясаттың міндеттерімен байланысты әлеуметтік саясаттың басымдығына айналады.

Ең бастысы, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне енді. Әлеуметтік кодекс аясында 1-ші топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау уақыты зейнетақыны есептеу кезінде еңбек өтіліне ескерілетін болды. Әлеуметтік саладағы жұмыстар жалғасын табуда.

Отбасының цифрлық картасын енгізу, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрі бойынша қызметтер проактивті форматта іске асырылады, "Әлеуметтік әмиян" пайдалануға енгізілді. 2023 жылдың 10 айында жалпы сомасы 37,8 млрд теңгеге 172,3 мың адам жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды. Бала күтіміне арналған төлем 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. Бұл аналарымызға және демографиялық өсім үшін негізгі қолдау.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдаудың жүйелі шаралары жүзеге асырылуда. Мүгедектігі бар азаматтарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сүйенсек, 50 мыңнан астам қызметтер мен техникалық құралдар ұсынылған. Инклюзивті қоғамды қалыптастырып дамыту үшін мүгедектігі бар азаматтардың өмір сапасын жақсарту және қоғамның тең мүшесі ретінде қолдаудың жүйелі шаралары қабылдануда.

2023 жылы азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспарына сәйкес, 847 мың адам жұмысқа орналасқан, оның 420 мыңы жастар. Еңбек нарығының сұранысына дайын болу үшін "Кәсіптік біліктілік туралы" Заңы қабылданды. Кәсіптік-техникалық білім беру күшейтілуде.

Сонымен қатар, халқымыздың саны 20 миллионға жеткен күні Мемлекет басшысы Ұлттық қордан балаларға арналған

өте маңызды заңға қол қойды.

Бұл Президентіміздің  сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген негізгі бастаманың бірі. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы жас жеткіншектердің арнаулы есеп-шотына аударылатын болады.  Балалар 18 жасқа толған соң, бұл қаражатты тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсайды. 

Осылайша, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы нақты әлеуметтік бағытқа ие. Оның нәтижелері адам капиталын дамытуға, азаматтарды әлеуметтік қолдауға бағытталған.

#DeputatAMANAT