Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
facebook, instagram

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0n6yV9cr1aq5vYrFn13xiLpS5CHnXHtivg2LCryDWSMyrCsCk1eU1pPNAADe2KB7Sl&id=100001071131503&mibextid=Nif5oz https://www.instagram.com/p/C1hOWrBthtT/?igsh=MTc4MmM1YmI2Ng==


Құрметті достар!

Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2024 жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тарих қойнауына енетін 2023 жыл еліміз үшін өзгерістердің жылы болды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси және құқықтық-экономикалық кешенді реформалары жүзеге асырылып, Әділетті қоғам құру жолында қарқынды қадамдар жасалды.

Жаңа Саяси жүйе осы кешенді әрі ауқымды реформалардың нәтижесінде нығайып, экономикалық бағдарымыз айқындалды. Қоғамның болашағы үшін өзекті шешімдер қабылданды.

Келе жатқан 2024 жыл еліміз үшін ынтымағымызды нығайтатын, ырысымызды арттыратын берекелі де мерекелі жыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық және бақ-береке тілеймін!

Еліміз өсіп-өркендей берсін, Тәуелсіздігіміз айбынды болсын! Ел Президентіне амандық тілеймін.

Жаңа жыл құтты болсын!