Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
facebook

https://www.facebook.com/share/p/hHtUaH3GAxPE6P6q/?mibextid=Nif5oz

Nazarbayev University кітапханасы, Гуманитарлық ғылымдар мектебі Қазақ тілі және түркітану департаменті және Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетімен бірлесе отырып ұйымдастырылған «Білім беру арқылы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту» семинар-форумына спикер ретінде қатысып, заңнамалық түзетулердің ерекшеліктері туралы дәріс оқыдым.

Академиялық қоғамдастықта әйелдердің құқығын қорғау және балалардың қауіпсіздігін сақтау мәселелерін талқылау мақсатында профессорлардың, студенттердің сұрақтарына жауап бердім. Аталған жиынға университеттің вице-президенті Darkhan Bilyalov , Қазақ тілі және түркітану департаменті профессор-оқытушылары қатысты. Ғалымдар арасында белгілі Алаштанушы ғалым, профессор ұстазымыз Айгуль Исмакова Айгүл Серікқызын көріп, көңілім көтерілді. Апай келешекте Алаш саяси элитасы қазақ әйелдерінің еңбегі туралы лекция оқитын болды.

Шара ұйымдастырушы ғалымдар және зерттеушілерге Юлай Шамилоглы, Жазира Ағабековаға және Aigerim Kussaiynkyzy ризашылығымды білдіремін.