Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
facebook

http://https://www.facebook.com/share/p/geq58Vdisc9DrxAt/?mibextid=Nif5oz

Ұлттық идеологияның негізгі басымдықтары айқындалды.

Бүгін Атырау қаласында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық Құрылтайдың 3-ші отырысы өтті. Дәстүрлі дала демократиясының жалғасы ретінде салмағы жоғары жиында идеология, мәдени-гуманитарлық саладағы жүйелі жұмыстың басымдықты бағдары айқындалды. Бұл бүгінгідей жаһанданудың ақпараттар ағынында тарихи өзегімізден ажырамай, ұлт ретінде сақталуымыз үшін қажетті қадам деп білемін.

Президентіміз Құрылтайда «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» үш ұстанымы ойы озық ұлт ретінде дамудың негізі болар құндылықтарды айқындады.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлттың негізгі құндылықтары ретінде Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық деп айқындады.

Елімізде қоғамның жаңа этикасын қалыптастырып, дамытатын
жалпыұлттық құндылықтар жүйесін бекіту мектептегі тәрбие жұмысының, жалпы жастарды дамытудың темірқазық қағидалары болуы тиіс.

Президентіміз қоғамдағы бірлікті ынтымақтастықты сақтау берекенің негізі екендігіне тағы тоқталды. Зиялы қауым өкілдерінің ынтымағы халқымыздың ауызбіршілігіне әсер ететін негізгі фактор.

Мемлекеттік тілге байланысты Президентіміз қазақ тілінде әлемдік нон-фикшн әдебиетінің қазақ тіліне аударып ғылыми тілге айналудағы өзектілігіне тоқталды.

Мемлекет басшысы қоғамда кітап оқу мәдениетін орнықтыру туралы, кітапхананы дамыту, 24 сағат жұмыс жасайтын балалар кітапханасы ашылатын сүйінші жаңалық айтты. Ұлттық кітап күні белгіленеді.

Идеологиялық тұрғыда мәдени мұраны сақтау жолында төл тарихымызды, біртуар тұлға қайраткерлердің еңбегін келешек ұрпаққа үлгі ретінде айшықтау басымдыққа ие. Сол себепті Мемлекет Басшысы биыл Жошы ұлысының 800 жылдығы, елімізді әлемге танытуда Алтын Ордадан мемлекеттілігіміздің негізі қаланғандығын кеңінен насихаттау өзекті.

Ұлттық бірегейлігіміздің рөлі мемлекеттік рәміздерде де негізді. Мемлекет Басшысы былтыр өңірлердің нышандарын бірыңғай
символикалық стандартқа келтіру қажеттігін айтқан болатын. Нышандардан сол өңірдің ерекшелігімен қатар, еліміздің болмыс-бітімін байқалуға тиіс.
Бүгінде қоғамда Елтаңбаға байланысты сын пікірлер ортақ келісімге келгенге дейін арнаулы комиссия құру қажеттігіне тоқталды. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырғаннан кейін қоғамдық талқылау өткізу туралы да айтылды.

Мемлекет басшысы айқындаған жаңа идеологиялық құндылықтар аясында бүкіл қоғам болып бірігуіміз өзекті. Бұл ретте Мәжіліс депутаттары заңнамалық негізде сапалы әрі уақытылы орындау мақсатында одан әрі еңбектенетін боламыз.