Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" және "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңдарының жобалары талқыланды.

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4643853668993625&id=100001071131503

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" және "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары талқыланды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы 7 трлн. теңгені құрады, оның ішінде 2022 жылға - 1 трлн. 811 млрд. теңге, 2021 жылмен салыстырғанда 476 млрд. теңгеге өсті.

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының білімге қатысты пункттерінің сапалы орындалуы, қаражаттың толық қарастырылуы мақсатында Заң жобасын жұмыс топтарында да егжей-тегжейлі талқыладық.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы: "Мәжіліс депутаттары 3 жылдық республикалық бюджет жобасымен жұмыс барысында Елбасының стратегиялық бағытын және Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларындағы тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы қамтамасыз етілуіне ерекше көңіл бөлді. Енді басты міндет - осы қаражаттарды жоспарға сәйкес тиімді пайдалану", - деді.