Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
"Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасының таныстырылымына қатыстым.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4621359681243024&id=100001071131503

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және құқықтық реформа Комитетінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасының таныстырылымына қатыстым.

Аталған Заң жобасының бастамашылары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Сенатының бір топ депутаттары.
Таныстырылым модераторы ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және құқықтық реформа Комитетінің төрағасы Қожахметов Арман Төлешұлы аталған Заң жобасының маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, аталған Заң жобасының бастамашыл депутаттарының бірі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Унжакова Заң жобасының құқықтық ұстындарына, негізгі бағыттары және т.б. тоқталды.

Бүгінгі жиынға Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробарт, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы, Азия-Тынық мұхиты форумы құқық қорғау мекемелерінің құқықтық мәселелер жөніндегі Менеджері Филлип Вардле қатысты.