Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде "Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғау жүйесінің дамуы туралы" Үкіметтік сағат өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4795427157169608&id=100001071131503

Құрметті достар! Дәл қазір, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде "Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғау жүйесінің дамуы туралы" Үкіметтік сағат өтті.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мамандар даярлауға байланысты сұрақтар қойдым. Себебі, баршамыздың өмір қауіпсіздігі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты.

Сұрақтар келесі.

1. Жоғары білім деңгейінде мамандарды даярлау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандар үшін базалық қандай мамандықтар айқындалған?! Жақын арада қандай мамандықтарды қосымша енгізу жоспарлануда?!

2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және білімін тексеру қалай жүзеге асырылады?!

3. Сарапшылардың жоғары құзыреттілігі негізінде өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің әртүрлі реттелетін объектілері үшін заңды тұлғалардың осы салада жұмыстарды жасау құқығына аттестаттау өткізіледі.

Осы ретте, Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сарапшылардың кәсіби құзыреттілігін тексеру және растау процесі қалай жүзеге асырылуда?!