Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде "Салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру барысы туралы" тақырыбында Үкімет сағаты өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4847941331918190&id=100001071131503

Құрметті достар!
Дәл қазір, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде "Салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру барысы туралы" тақырыбында Үкімет сағаты өтуде.

Негізгі Баяндамашы: Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі, Министр Жамаубаев Ерулан Кенжебекұлы.

Үкімет сағатында Қаржы министріне және Ішкі Істер Министрлігінің өкіліне
Көлік салығы проблемасы, "E-salyq-Azamat" қосымшасы туралы сұрақ қойдым.

Қаржы Министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2020 жылы аталған қосымша енгізілгеннен бастап, 10 мыңнан астам жеке тұлға көлік салығын түзетуге өтінім берген. Өтінімдердің негізгі дені салықтың қате сомаларын көрсету, берешектер жөнінде талап қою және т.б. сұрақтарды қамтиды.

Бұл ретте, орын алған ақау-іркілістер туралы сұрағанымызда, 2 Министрлік дербес негізде бәрі дұрыс деп көрсетеді. Мысалы, Ішкі Істер Министрлігі өз тараптарынан барлық деректер уақтылы әрі толық енгізілгендігін мәлімдейді. Ал, Қаржы Министрлігі өз есептеулерінде қателіктер жоқ деп көрсетеді. Қазіргі таңда, осылай 2 Министрліктің "Бір біріне сілтеуі" нәтижесінде Көлік салығының проблемасы шешылмей отыр.

Осы сұрақты, яғни жіберілген қателіктердің басты себебі туралы сұрағымызға толыққанды жауап алмадық. Жауаптардан ұққанымыз бастапқы деректердің енгізілуіне байланысты.

Модератор, Вице-Спикер Казанцев Павел Олегович бұл мәселені ұсынымға енгізуге және бақылауда ұстауға тарсырма берді.

#deputatnurotan