Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
28.02.22ж. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде "Қазақстан Республикасындағы ішкі туризмнің проблемалары мен даму перспективалары" тақырыбында Үкімет сағаты өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=5097937033585284&id=100001071131503

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде "Қазақстан Республикасындағы ішкі туризмнің проблемалары мен даму перспективалары" тақырыбында Үкімет сағаты өтті.

Баяндамашы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі - Абаев Дәурен Әскербекұлы.

https://t.me/KatiraAkilbay тікелей эфирден көре аласыздар.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкіліне сұрақ қойдым. Сұрақ балалар туризмін дамытуға байланысты. Өзімнің педагогикалық тәжірибемде балалар экспедицияларын ұйымдастыру кезінде инфрақұрылымның дамымауы, балалар мен оларды алып жүретін мұғалімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бірқатар сұрақтармен кезіккен болатынмын.

Биылғы жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Балалар жылына" арнағандығы белгілі.

Балалардың бойында отансүйгіштікті қалыптастыру, Сакральды География жобасын жүзеге асыруда балалар туризмін дамыту қажет.

Білім беру ұйымдарында туристік өнімдер арасында білім беру және кәсіптік бағдарлау турлары мен экскурсиялары ерекше орын алады.

Бұл ретте балалар туризмін дамыту бағыты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің күн тәртібінде тұрғандығын білеміз. Ол дұрыс. Қолдаймын.

Қосымша білім беру орталықтары ұсынатын бюджеттік туристік экскурсиялар қазіргі заманғы туризм индустриясының дамуымен салыстырғанда ескірген.

Сонымен қатар, мұндай туристік өнімдерді білім беру жүйесіне біріктіру тек ата-аналар комитеттері, ата-аналар қаражаты есебінен және кейбір мұғалімдердің бастамасымен жүзеге асырылуда.

Осыған байланысты, келесідей сұрақтар қойылды:
Бірінші. Балалар туризмінің жаңа бағыттарын білім беру және тәрбие бағдарламаларына енгізу жоспарлануда ма?
Теориялық білімді оқушының бойында (санасында) практикалық тұрғыдан бекіту үшін бұл шаралар қажет. Мысалы, "Абай жолы"роман-эпопеясын оқығаннан кейін міндетті түрде Жидебайға бару (бәлкім, онлайн) немесе Ұлы Жібек жолы тақырыбын өткенде, осы кезеңнің бүгінгі өмірмен байланысын, Ұлы Жібек жолындағы Сайрам, Сауран қалаларына экспедициялар турларын (мүмкін, 3D онлайн) ұйымдастыру жақсы болар еді.

Екінші. Балалар туризмін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесінен қарастырылады ма?

Бұл балалар туризміне қолжетімділікті қамтамасыз етуде оңтайлы механизм болар еді.