Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы қаралуда.

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=5215040718541581&id=100001071131503

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы қаралуда.

Аталған Заң жобасының жұмыс тобына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Павловец Лариса Павловна жетекшілік етеді.

Заң жобасы негізінде Қазақстан Республикасының 13 кодексіне және Қазақстан Республикасының 74 Заңына өзгерістер енгізілетін болады.

Заң жобасының негізгі тұжырымдамалық жаңалықтары:
1) Мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін адам үшін тұруы мен тамақтануына арналған шығыстарды өтеу.
2) Мүгедектікті, жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын автоматты түрде ұзарту.
3) Мүгедектігі бар адамдарға такси қызметтерін көрсету үшін арнайы жабдықталған автомобиль құралымен қамтамасыз ету мәселесін регламенттейтін норманы қайта қарау және тағы басқа да ұсыныстар енгізілуде.

Суретте Заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел жұмысына қатысу сәті, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы, Смайлов Ерлан Валерийұлы, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім Комитеті төрағасының орынбасары, ұлағатты ұстаз Төлекова Сафура Сейдуалиқызы