Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде "Тарихи ескерткіштерді қорғау" тақырыбында Комитет отырысы өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=5246862205359432&id=100001071131503

Құрметті достар!
Өткен аптада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары, AMANAT партиясы фракциясының мүшелері Берік Әбдіғалиұлы Әбдіғалиұлы Берік, Жанарбек Әшімжан Әшімжан Жанарбек Садыханұлы ұйымдастыруымен осы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде "Тарихи ескерткіштерді қорғау" тақырыбында Комитет отырысы өтті.

Тақырып қызу талқыланды және жан-жақты қарастырылды.

Осы талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті артқарушы билік органдарының өкілдерімен қатар
Алматыдан тарихи ескерткіштерімізді қорғап, сақталуына үлкен үлес қосып, еңбек етіп жүрген Ольга Гумирова Гумирова Ольга Николаевна және зерттеулерін өзім сүйіп оқитын, мифология туралы подкасттарын қайталап тыңдайтын, "Төрт бұлт" секілді кітаптарын қайталап оқитын авторым, мәдениеттанушы, ғалым Зира Наурзбаева Наурызбаева Зира Жетібайқызы отырысқа арнайы қатысты.

Түстен кейін мәдениет, руханият жанашырламен саланың түйткілді сұрақтарын талқыладық, Ольга Николаевна бала кезімізде үзбей оқитын "Дружные ребята" басылымының бөлім редакторы. Бала кезімізде "Ұлан" газетін де сүйіп оқыдық. Жалпы, бала тәрбиесі өте нәзік құбылыс. Ал, балалардың білім көкжиегін кеңейтетін, қызығушылығын қалыптастыратын, кітап оқуға деген дағдысын дамытатын Балалар басылымы қашан да стратегиялық маңызды салалардың бірі.

Зира Жетібайқызына және Ольга Николаевнаға ризашылығымды білдіремін, еңбектеріне алғыс айтамын!

Видеоларымен бөлісуді жөн санадым.