Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
facebook

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0tbqH6v4D1qHSzdNphBCN3rmkPojM7Vhz3gLkVfM4DFzAbJrboxpuMZTwL2YYq3zAl&id=100001071131503&mibextid=Nif5oz


https://m.facebook.com/story.php?&&

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек деген ұстанымы «Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек», - деген позициясынан дәлел.

Алаш саяси элитасының осы өсиеті мемлекет тарапынан орындалуда. Оған нақты дәлел Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей бастамасымен
Конституциялық реформа негізінде Конституцияның 6-шы бабының 3-ші тармағына өзгеріс енгізіліп, «Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» - деп бекітілуі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Еділ Жаңбыршин бастаған Экология мәселелері және табиғатты пайдалану Комитеті депутаттары жер қойнауын экономикамыз үшін тиімді пайдаланудың заңнамалық тетіктерін жетілдірді.

Мәжілістің пленарлық отырысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске қатысты Заң жобасы қарастырылды, 2-ші оқылымда талқыланды. Аталған Заң қабылданып, Сенатқа жолданды.

#DeputatAMANAT