Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
Расширенного тематического заседания.

http://https://fb.watch/pmn60eiCwo/?mibextid=Nif5oz

2023 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің ұйымдастыруымен «Кітап нарығын реттеу, қазақ тіліндегі көркем әдебиеттің баспа индустриясын дамыту. Қазір тәуелсіз негізде қазақ тілінде балалар және көркем әдебиетті басып шығарумен айналысатын баспалардың жұмысына қолдау таныту туралы» атты Кеңейтілген тақырыптық  отырысы өтті.

Кеңейтілген тақырыптық отырысына ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Ә.Жүдебаев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі вице-министрі Е.С.Оспан, ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры М.К Ақтанжанов, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Е.Б. Жәутікбаев, «Қазпошта» АҚ Басқармасы және еліміздің Жазушылар Одағы, тәуелсіз баспа ісіне үлес қосып жүрген жас баспагерлеріміз 𝗦𝘁𝗲𝗽𝗽𝗲 & 𝗪𝗼𝗿𝗹𝗱 Publishing (Назгүл Қожабек), Qasym kitaphanasy (Ұлан Еркінбай), Мұқаба (Арман Әлменбет), AmalBooks (Бақытжан Бұқарбай), Алқа (Бану Даулетбаева) және т.б. баспалар жетекшілері қатысады. Сонымен бірге, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ұлттық-ғылыми практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай, ең көп оқылған жас жазушыларымыз Динара Болат, Перизат Мырзахмет, Бақытгүл Сармекова, Ұларбек Нұрғалымұлы қатысды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістан қаласында өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбына арналған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінде Ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыстың нақты бағыттарына тоқталды. Төртінші бағыт «Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңызды мәселе» деп аталды. Аталған бағытта: «Идеология жұмысындағы басты бағыттың бірі – кітап басып шығару ісі. Қазақстан нарығында шетел өнімдері басым екені жасырын емес. Әдеби кітаптардың 90 пайызға жуығы сырттан келеді. Бұл үрдістің салдары қандай болатыны айтпаса да түсінікті. Ұлттық мүддеге сай келетін кітаптарды көптеп басып шығару өте маңызды. Смартфон баланың қолындағы кітаптың орнын баспауы қажет. Қазір еліміздегі мектеп кітапханаларында 130 миллионнан астам кітап бар. Бірақ ондағы көркем әдебиеттің үлесі мардымсыз. Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Бұл қиын мәселе екенін түсінемін. Әсіресе, олардың бар назары әлеуметтік желіде болған кезде, тіпті, қиын. Бірақ бұл мәселемен айналысу керек. Басқа жол жоқ. Сондықтан «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны қолға алуды тапсырамын. Қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін және жанрларын қамтитын арнайы тізім жасалуға тиіс. Сол тізімдегі кітаптар барлық балаға қолжетімді болуы керек», – деп арнайы міндеттер жүктеді.

Осыған байланысты, кеңейтілген тақырыптық отырыста баспа индустриясының дамуына арналған заңнамалық қолдау тетіктері талқыланады. Кітап оқу, кітап баспасы, шалғайдағы аудан және ауылдарға кітапты жеткізудің ұлттық операторын бекітуге байланысты пікірлер тыңдалады.  Ішкі қағаз нарығындағы қағаз бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін мониторинг және жедел шешімдер қабылдау арқылы кітап баспасындағы қағаз бағасын тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру, кітап баспаларына қағаздың бағасын қымбаттатпас үшін ғылыми, оқу, әдеби, балалар мен жасөспірімдер әдебиеті сегментіне субсидия бөлуге байланысты мүмкіндіктер қарастыру өзекті.  Бюджет есебінен әлеуметтік маңызы бар балалар, танымдық және «Non/fiction» жанрындағы интеллектуалды әдебиеттердің басылымына мемлекеттік қолдау тетіктері туралы пікір алмасады. Әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерге және оларды әзірлейтін баспаларға субсидия, жеңілдетілген несилер желісін ұйымдастырудың заңнамалық тетіктері талқыланды.

Жас жазушыларды қолдауға арналған жетекші кітап байқауларын және әдеби марапаттарды өткізу, ең көп оқылған жас жазушылардың шығармашылық шеберлігін дамыту ұсыныстары тыңдалады. Осы жазушыларға ғарыш, ғылым және т.б. мемлекеттік тапсырыспен басым бағыттардағы тақырыптарда шығармалар жасауына қолдау таныту тетіктері және әдебиет қызметіне арналған Сараптамалық кеңес және кітап индустриясын дамытуға арналған Сараптамалық кеңес құруға байланысты ұсыныстар талқыланды.

Жиналыс қорытындысы негізінде ұсынымдар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдармен ұйымдарға жолданды.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А.Қ. Аймағамбетов Кеңейтілген тақырыптық отырысқа төрағалық етті.