Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2021 жылғы 15 маусым күні «Қазақстан Республикасы - Польша Республикасымен» парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі топ мүшелерінің онлайн-кездесуіне қатысты.

2021 жылғы  15 маусым күні «Қазақстан Республикасы - Польша Республикасымен» парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі топ мүшелерінің онлайн-кездесуіне қатыстым. Польша тарапынан Барбара Бартущ, Петр Зентарский, Роберт Довхан, Збигнев Гижинский, Януш Громек, Казимеж Клейна, Йоанна Лихоцка, Эва Шиманска, Роберт Телюс қатысты.

Кездесуде топ жетекшісі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің  депутаты Имашева Снежанна Валерьевна кіріспе сөзін арнады. Осы жылдар ішінде екі ел арасындағы ынтымақтастық артып, терең экономикалық байланыстар орнағанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдер арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға күш салғанына тоқталып, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Польшамен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін алға тартты. Отырыс барысында Мәжіліс депутаттары  Қазақстан мен Польша Парламенттерінің ағымдағы заң шығару қызметі туралы, Қазақстан мен Польша арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту туралы баяндамалар жасалды. Өз кезегінде, мен де Қазақстан Республикасының парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Польша Республикасымен парламенттік ынтымақтастық жөніндегі  топ мүшесі ретінде 2020 жылғы наурызда Польша тарапынан қайта пайдалануға болатын маскалар (шамамен 90 мың дана), Қашықтықтан оқытуға арналған қазақстандық оқушыларға Ноутбуктер;

2020 жылғы маусымда "Ceftriaxon" (6000 құты) және "Cefuroxime"                     (3600 құты) дәрілік заттары;

 2020 жылғы шілдеде дәрілік заттар, дексаметазон (8550 қаптама) және метилпреднизолон (2400 қаптама);

2021 жылғы 24 қарашада  "Tarsime" (11 мың құты) және "Азимицин"                     (5 мың қаптама) дәрілері, "Trisept Complex" (1620 л) дезинфекциялық заттары гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген еді, осыған орай Польша мемлекетінің гуманитарлық көмегіне рахмет айтып, алғыс білдірдім.

Сондай – ақ, 2020 жылдың наурыз – маусымында қазақстандық және поляк авиатасымалдаушылары Варшавадан чартерлік рейстерді (5) ұйымдастыруға рұқсат берген Польша Үкіметінің көмегі үшін ризашылығымызды білдірдік,  осылайша жалпы алғанда 759 қазақстандық азамат (олардың көпшілігі-студенттер) Отанымызға аман-есен оралды.

Польша тарапы депортация кезеңінде бір үзім нанды бөліп, төрінен орын берген қазақ халқына ризашылықтарын білдірді.

Сонымен қатар, Польша мен Қазақстан дипломатиялық өкілдіктері басшыларының да баяндамасы тыңдалды.

Іс-шара соңында тараптар осындай кездесулер Қазақстан мен Польша арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамытуға парламентаралық байланысты нығайтуға жаңа серпін беретінін атап өтті. Аталған кездесуде жер аударылған поляк азаматтармен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары  С.В. Имашева, А.С. Құспан, М.И. Құлшар, Д.М. Еспаева, Б.С. Оспанов,                   Ж.С. Әшімжанов, Е.Т. Жанбыршин, Д.В. Колода, А.О. Коңыров, Ш.А. Осин, И.И. Панченко, А.С. Платонов, Ә.М. Рахымжанов,Е.Б. Саиров, Ә.С. Сапарова, И.В. Смирнова, Е.В. Смышляева, Д.Н. Тұрғанов, И.С. Унжакова, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қирабаев Әлім Серікұлы қатысты.