Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
facebook, instagram

http://https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0KUpzSTYifwz8jnxgQw9mLhfdGehDcXXuJbGUugRSJZuCyTUwKBVpUA5yWXAPmky8l&id=100001071131503&mibextid=Nif5oz https://www.instagram.com/p/Cz3vrlFI2SR/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==https://www.instagram.com/p/Cz387buMZme/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

Құрметті достар!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қыркүйектегі Германия Федеративтік Республикасына сапары кезінде: "Германия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы стратегиялық серіктесі", - нақты айтқан болатын.

Өткен аптада Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі аса Құрметті Моника Иверсен  ханыммен кездестім.

Елші ханыммен БҰҰ Қазақстандағы Даму бағдарламасы ұйымдастырған семинардағы Қазақстандағы Жаңартылатын энергия көздеріндегі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі сұрақты  талқылауды жалғастырдық.

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде Қоғамдық бақылау, Кәсіптік біліктілік туралы Заң жобаларын талқылау кезінде Германия тәжірибесі, оның ішінде заңнамасында қабылданған нормалар тереңнен зерттелген болатын.

Кездесу барысында еңбек нарығында жұмысшы мамандықтарына тартымдылықты арттыру, кәсіби біліктілікті дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы Германияның озық тәжірибесін зерделеу негізінде енгізілген заңнамадағы нормалар, мысалы дуалды білім беру т.б. заңнама шығармашылығындағы Парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқыладық.

AMANAT партиясының Әйелдер қанатының Конрад Аденауэр атындағы Қорымен Қазақстандағы басшысы, доктор Йоханнес Рай мырзамен бірлесіп жүзеге асырылған TOMIRIS жобасы туралы, жалпы саяси шешім қабылдауға әйелдердің қатысуы және ықпалы тақырыбын кеңінен тарқаттық.

Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі аса құрметті Моника Иверсен ханым ынтымақтастыққа әрдайым