Сулейменова
Жулдыз
Досбергеновна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
2021 жылғы 31 наурызда депутаттық сауал жарияланды

ф

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары

Е. Л. Тоғжановқа

2021 жылғы 31 наурызда

жарияланды

Депутаттық сауал

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында еліміздегі мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қолжетімділікті қамтамасыз етуге басымдық берілген.

2021 жылғы 25 наурызда жарияланған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, IV тоқсанда төмен және орташа тәуекел аймақтарындағы (жасыл және сары аймақтар) бала саны 300-ден үш мыңға дейінгі оқушыны қамтитын қала және ауыл мектептері аралас форматта оқытуды жоспарлауда.

Бұл халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерге ғана емес, елордаға жақын орта мектептерге де қатысы бар екендігіне назарыңызды аударғымыз келеді. Себебі, бір ғана Ильинка ауылында жоба қуаттылығы 1200 оқушыға арналған орта мектепте бүгінде 3 мыңнан астам бала оқитындығы ешкімге жасырын емес.

Осы ретте, бас санитарлық дәрігердің сыныптардағы балалар санын
25 адамнан асырмай, аралас форматта оқыту, «1 сынып-1 кабинет» қағидатын сақтау Қаулысын орындау мүлдем мүмкін емес екендігін атап өтеміз.

Себебі, көпшілік орта білім беру мекемелерінде қалыптасқан жағдайға сәйкес бір сыныпта оқушы саны 35-тен жоғары мектептер бар. Бұл Қаулы өз кезегінде осындай сыныптарды екіге бөлуге, сәйкесінше мұғалім жүктемесін екі есе арттыруға алып келеді. Оқу жылының соңында мұғалімнің  жоспарланбаған мұндай жүктемесіне жалақының қандай қаражат көзінен төленетіні үлкен сұрақ.

Мектептерге бұл орайда қосымша қаражат бөлінеді ме?

Егер бөлінбесе, мұғалімнің еңбегі, маңдайтер ақысы қайдан төленбек?

Егер сыныпқа оқушы санын 25-тен көбейтуге шешім қабылданса, онда мектеп директорлары өз қалтасынан айыппұл төлеуге мәжбүр. Пандемия кезінде мектеп директорларына айыппұл төлету қаншалықты қисынды?

Мысалы, Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 2020 жылдың
1 қыркүйегінен 2021 жылдың 26 наурызына дейінгі аралықта карантин талаптарын сақтауға байланысты жалпы білім беретін мектептерде
1787 тексеру, балабақшаларда 104 тексеріс жүргізген. Осы негізде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін мектеп директорларына жалпы соммасы 18 млн. 323 мың.теңге және балабақшалар меңгерушілеріне жалпы соммасы 9 млн. 309 мың теңге айыппұл салынған.

Лауазымды тұлғалар - директорлар, меңгерушілер үшін әкімшілік айыппұл көлемі 230 айлық есептік көрсеткішті немесе 638 940 теңгені құрайды.

Осы орайда, Nur Otan партиясы фракциясының депутаттары келесі ұсыныстарды енгізеді:

1. Бірінші. Бас санитарлық дәрігер Қаулысының талаптарын, атап айтқанда сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмау, мұғалімдерге жалақы төлеу тетіктері толыққанды түсіндірілуі қажет.

2. Екінші. Оқушылардың білім сапасын анықтау үшін, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндерден Ыбырай Алтынсарин атындағы Білім академиясы, Ұлттық тестілеу орталығының мамандарымен бірлесіп, оқушылардың пәндік олқылықтарын, яғни түсінбей қалған күрделі тақырыптарды қайталап, орнын толтырудың жеке маршрутын әзірлеуі қажет. Білім және ғылым министрлігі ауыл және қала мектептеріндегі білім сапасының алшақтығын азайту тетіктерін ойластыруы маңызды. 

3. Үшінші. Білім және ғылым министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, дәстүрлі және аралас оқыту форматын ұйымдастыру ерекшеліктері, сонымен бірге оқу процесінің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері туралы ата-аналар үшін егжей-тегжейлі әрі кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.

4. Төртінші. Жергілікті атқарушы билік органдары Бас санитарлық дәрігерлермен бірлесіп, дәстүрлі форматта сыныпқа келетін 25 оқушының нақты критерийлерін анықтап, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты икемді шешім қабылдауларын ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

депутат, «Nur Otan» партиясы

Фракциясының мүшесі                                                   Ж. Сүлейменова

Орынд.: Г. Сахова

Тел.: 74-68-41